15.11.2021 Шокыбаева К.К. 8 "А" сыныбында "Ұлттық тәрбие - құндылық бастауы" тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді. Сынып сағаты толығымен ұлттық тәрбие, ұлттық құндылықтарға негізделді. Қазақ халқының киелі сандары, тыйым сөздері, мақал-мәтелдері, салт-дәстүрлері жайлы ой қозғалды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай оқушылардың дайындаған арнау бейнежазбасы тамашаланды. Оқушылар сабақта барынша белсенділік танытып, өздерінің ұлттық тәрбие жайлы білімдерін ортаға сала білді. Сұрақтарға нақты әрі сенімді жауап беріп отырды. Сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүріне қатысты дайындаған бейнекөрсетілімдерін қорғап шықты.
/public/files/2021/11/15/151121_143056_000d6d97-1049ea6a.docx
/public/files/2021/11/15/151121_144210_ltty-trbie.pptx