Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2023 жылға арналған есеп
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Колутон ауылы, Кенесары көшесі, 12
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Колутон ауылында білім беру саласында 10 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2023 жылы Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі 28 қызмет көрсетті;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 10;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -18.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2022 жылы 31 қызмет көрсетілді;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 22;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 9.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
-«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
-"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"
-«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
-"Негізгі орта, жалпы орта білім беру бойынша құжаттардың түпнұсқасын беру»
-"Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау"
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0004.astrahanka.aqmoedu.kz/. Сондай-ақ, мектепте ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 2 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2023 жылы Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.