"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Орыс тілі және әдебиеті апталығының есебі

2021 жылдың 16- қарашасында 1 а сыныпта Куц Е.А. орыс тілі пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Менің отбасым». Сыныпта 9 оқушы. Барлығы өздерінің отбасы және отбасы мүшелері туралы толық ақпарат айтып, фотолар мен  суреттерден топтық коллаж жасады. Олардың жеке қасиеттерін, мамандықтарын атап, диалогтар құрастырды. Сонымен қатар Кк әрпінің айтылуы, жазылуы, қолданылуын үйреніп, Кк әрпінің дыбысталуына жұмыстар жасап, ауада жазды, сол әріпке көптеген мысалдар келтірді. Жанұя туралы тақпақ оқылып, өз отбасы туралы барлығымен бөлісті. Сыныптың барлық оқушары орыс тілін еркін меңгерген, сабақ өте тамаша өтті.

     

17-қарашада орыс тілі пәнінің мұғалімі Жаксыбаева А.К. 8-10 сынып оқушылары арасында «Бақытты сәт» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Онда оқушылар екі топқа бөлініп, білімдерін ортаға салды. Іс-шара ойын түрінде өтті. Ойында ескі славян сөздері, тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, фонетика, орфоэпия барлығына тапсырмалар болды. Оқушыларға тек бір әріптен басталатын сөздерден әңгіме құрау қатты ұнады. Жарыста 8 а сыныбынан құралған «Грамотей» тобы жеңіске жетті. Олар өз білімдерімен, алғырлық-тапқырлығымен ерекшелінді.

 

18-қарашада орыс тілі пәнінің мұғалімі Жаксыбаева А.К. 5 А сыныбында «Менің достарым өте көп» атты ашық сабақ өткізді. Сабақта морфема негізге алынды, яғни түбір, жалғау, жұрнақ, негізгі түбірді анықтау, талдау. Оқушылар өте керемет меңгерген. Ол морфемдік талдауда анық көрінді. Оларға сонымен қатар «Құрал-жабдықты тап!» атты ойын қатты ұнады. Ол ойында бірнеше мамандықтарды құралдары арқылы танып, мамандық атауын және біртүбірлі сөздерді талдады. Достық туралы тақпақтар оқылып, оның адам өміріндегі маңызы туралы әр оқушы өзінше пікір бөлісті. Өздерінің жан достары туралы шығарма оқыды. Достық туралы мақал-мәтелдер айтылды. Сынып тілді еркін меңгерген, пәнге деген қызығушылық ерекше байқалды.

  

 

19-қарашада орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Е.Куц 5 б сыныбында «Сиқырлы сөздер әлемі» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шара тапсырмалардың алуан түрлілігімен ерекшеленді. Онда сөздердің антонимі, синонимі, омонимі, тұрақты сөз тіркестері туралы тапсырма кезеңдері балаларға керемет ұнады. Жарыса тақпақтар оқып, соңында мадақтамалармен марапатталды.

  

  

19 қараша 9 Б сынып оқушылары Кусаиновтар отбасымен кездесу ұйымдастырды. Тақырыбы: «Еңбек ерлерін мадақтау». Кездесу барысында Кусаинов Мурат Айтжанұлы өз отбасы туралы, яғни ата-анасы, жары Роза Аманбайқызы, қыздары Айгерим, Мадина барлығының темір жол саласындағы жұмыстары туралы айтып берді. Сонымен қатар өзінің жазушылық өміріне де тоқталды. Кітаптарынан үзінді оқып, оқушыларға өмірлік бағыт бағдар көрсетіп, өз ұстанымдарымен бөлісті.

   

 

Жалпы апталық жоспарға сай ұйымдастырып, барлық іс-шаралар үлкен дайындықпен өтті. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары өте жоғары. Барлық материалдар сайтқа орналастырылды.

Директордың оқу жөніндегі орынбасары: С.Абдрахманова

Жаңартылған күні: 25.11.2021 21:46
Құрылған күні: 25.11.2021 21:46

Текст