"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Адал достық" тақырыбындағы сынып сағаты

19.10.2020

Сынып: 7 "А"

Сынып сағатының тақырыбы: Адал достық.

Мақсаты: Достық туралы терең түсінік бере отырып, адал достыққа, шынайылыққа үйренеді. Достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып, оқушылар арасында достық сезімі қалыптасады. Бір - бірімен тату дос болуға, адамгершілікке үйренеді.
Бағыты: Рухани - адамгершілік тәрбие.
Формасы: сынып сағаты.
Жаңа технология: СТО.
Әдіс - тәсілі: СТО технологиясы стратегиялары.
Көрнекі құралдар: Слайд, мақал-мәтелдер, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» мультфильмі, мәтін.
Барысы: Психологиялық дайындық.
«Елес жетелету» стратегиясы.
Жаттығу «Күн шуақты алаңқай»
Мақсаты: Қатаюдан арылу, жылы достық қарым – қатынас қалыптастыру.
Нұсқау: Көздеріңді жұмыңдар. Көз алдарыңа елестетіңдер. Күн шуақты көк шалғын алаңқайда, дем алып отырмыз. Күн шуағы қөзімізге түседі. Көзімізден бетімізге қарай жылжиды. Алақандарыңмен сипалаңдар. Ол ары қарай маңдайымызға, мұрнымызға, аузымызға, бетіміздің ұшына, иегімізге түсті. Одан кейін мойнымыздан, қолымыздан денемізден сипап өтті. Күн шуағы бізді жылытты.
«Күн шуақты алаңқай» қызыл – сары, қош иісті, әсем гүлдерге толы. Өздерің ұнатқан гүлді теріп алып, көршілеріңе ұсыныңдаршы. Енді көздеріңді ашыңдар. Рахмет!
Балалар, бүгін Айбек түскі асқа тамақ пісірді. Бірақ тамаққа тұз салуды ұмытып кетті. Қане, балалар, Айбектің пісірген тамағының дәмін татып көріңдерші, дәмі туралы не айтар едіңдер? ( дәмсіз, тұзсыз)
Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды да осы тағамға ұқсатуға болады. Доссыз адамның өмірінің мәні, сәні болмайды, тағамның тұзсыз дәмі болмаған секілді.
- Сонымен, балалар, «Доссыз адам – тұзсыз тағам!» деп бекерге айтылмаған. Ендеше, « ДОС » сөзіне дәм кіргізейікші, ол қандай болу керек, ол кім? Оның қазір көркі болмай, шуақсыз көңілсіз күндей, оған қасиеттер кіргізіп нұрын шашардай күндей етейікші. (тақтада берілген күн «ДОС» сөзіне « шуақтарын » ілу)
(Жолдас , сенімді дос, көмекші, қамқоршы, сатпайды, төбелеспейді, бірге ойнайды, алдамайды)
Ендеше, бір-бірімізбен қол алыса отырып, өз ұранымызды айтайықшы.
Дос болайық бәріміз,
Жарассын достық әніміз.
Қолұстасып жүрейік,
Қиындықта бәріміз. ( қимылмен көрсету )
Балалар, мен сендерге мәтін таратамын сендер соны түсініп оқып, менің сұартарыма жауап бересіңдер. ( Мәтіннің бірінші бөлімін тарату)
«Бағыттап оқыту» стратегиясы.
- Өткен заманда бір кісінің өте бұзақы, сотқар мінезді баласы болған екен. Баласының бұл мінезіне кейіген әкесі күндердің бір күнінде оны шақырып алып, былай дейді.
Әкесі: -Міне, мұнда тақта мен шеге, балға қойдым. Сен енді күнде қаншама адамды ренжітсең, тақтаға сонша шеге қағып жүр. Апта соңында тағы сөйлесеміз.
- Әкесі неге ренжіді?
- Әкесі балаға қандай тапсырма берді?
Аптаға толмай бала 3 күнде барлық шегені бірден қағып тастайды, апта соңында тақта толып, баланың шегесі таусылады.
Бала қандай бала еді?
Әкесі балаға қандай тапсырма берді?
Бала шегені неше күнде қағып бітірді?
Ол қандай қылықтар көрсетіп жүр?
Бала әкесіне: - Әке, мен тәртіпті бала болғым келеді. Достарымды ренжіткім келмейді. Ол үшін не істеу керек?
Әкесі: Бүгіннен бастап керіспеген, төбелеспеген әрбір күніңде бір шегеден суырып отыр,- депті.
Бірнеше күн өткеннен кейін тақтайда шеге қалмапты.
Әкесі: Балам тақтайға дұрыстап қарашы. Көптеген тесіктер пайда болды, енді бұрынғыдай біртегіс болмайды. Жолдастарыңмен керісіп, төбелескен кезде былапыт, жаман сөздер айтылады. Әр жаман сөз жанға бір жарақат жасайды. Соңынан жолдасыңнан мың рет кешірім сұрасаң да, ол тесіктер бітелмейді. Дос асыл тас тәрізді. Сенің қуанышыңа ортақтасады. Көңілің жабырқаса, көмекшің болып, қайғыңды басады.
Әкесіне бала қандай өтініш білдірді?
Әкесі не деді?
Досыңмен, жолдасыңмен ренжісуге бола ма?
Осы мәтінге қандай ат қоюға болады?
Бұл мәтіннің аты «Тақтаға қағылған шеге» деп аталады.
« Сиқырлы орындық » жаттығуын орындау. Ортада тұрған орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.
- Мынау ненің суреті?
Аққу
«Аққуды атпайды, Достықты сатпайды»
Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу – киелі құс, сұлулық символы. Ал достықты сатпайды деген не?
- Дос алдамау керек
- Дос әрқашан бір-біріне көмектесу керек.
- Достар ұрыспау керек.
- Достар тату болу керек.
- Балалар өздеріңнің асыл да адал достарың жөнінде жазыңдаршы.
( достары туралы жазғандарын оқыту)
«Бес жолды өлең» стратегиясы.
Дос.
Жанашыр, тату
3. Көмектеседі, бөліседі, қуанады.
4. Дос асыл тас сияқты.
5. Жолдас.
Балалар, енді достық ережесін құрып көрейікші.
Достық ережесі.
1. Сертіңе берік бол.
2. Дос көңілін қалдырма.
3. Досыңа өтірік айтпа.
4. Досыңа адал бол.
5. Қиналғанда көмектес.
6. Досың үшін ешнәрсе аяма.
Бұл ереже – жеке адамзат үшін ғана емес, қоғам үшін де өте маңызды ереже.

Бүгінгі сынып сағатымызды қорытындылай келе сендерге тек қана адал, таза, ақ ниетті достарың көп болсын деп тілеймін. Өздерің де нағыз дос бола біліңдер дегім келеді. Назарларыңызға рахмет!

Сынып жетекшісі: Шокыбаева К.К.

Просмотров: 277


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст