"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құттықтау

07.03.2018

Ардақты әжелер,абзал аналар, аяулы қарындастар!

Халқымызда «Барлық жақсылық – күннің нұрынан, жылылық – әйелдердің аялы алақанынан таралған» деген сөз бар, Сіздерді ару көктемнің арайлы мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Алтын құрсақ ананың амандығы мен баланың жарқын күлкісі – біздің басты байлығымыз.

Қазақстан Республикасының Президенті, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен елімізде мемлекет тарапынан әйелдерге жасалып жатқан қамқорлық шаралары өте көп. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды жариялады.  

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел – тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өміріне және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Қоғамдық сана “әйел – кәсіпкер”, “әйел – саясаткер”, “әйел – қоғам қайраткері” деген сияқты жаңа мәртебемен, бай мазмұнмен толығып отыр.

Әйел-Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күретамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Біздің аналарымыз – жарқын істерді бастаушы, ел бірлігінің ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегі. Еңбекте, денсаулық сақтауда, білім беруде, өнерде баршаға үлгі болып келеді. Кейінгі толқын осынау игі дәстүрді лайықты жалғастыруда.  

Көктемнің осы бір тамаша мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгілік белгісі сияқты. Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі, көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Осы ерекше қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елімізге ырыс-құт дарысын. Сіздердің қолдауларыңыз баршамызға сенімділік ұялатып, жігер береді.

 Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, игілік тілеймін!

 

Просмотров: 357


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст