«Колутон орта мектебінде» ақпан айындағы « Адал ұрпақ» клубының «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шара есебі
8 ақпан күні 5-7 сыныптар арасында «Ибалы ұл, инабатты қыз -өмір көркі» тақырыбында әңгіме өтті.
Оның мақсаты: Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету; Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу;
Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.
12-16 ақпан аралығында «Балалардың құқығы туралы заң, 13 тамыз 2002 жыл» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.
Адал ұрпақ жоспары бойынша 1-4 сыныптар арасында «Сыбайлас –жемқорлық ғасыр
дерті» тақырыбында театрлық қойылым ұйымдастырылды. Әр сынып жемқорлықтың әр түрлі жағдайларда және кез-келген уақыт аралығында орын алуы мүмкін екенін көрсетті.
19 ақпан күні 10 сынып оқушылары «Ардагерім-ардағым» атты акциямен жалғыз басты қарт анамыз Касымова Көркем апамыздың үйіне барып ауласын және үй, қораларының алдын қардан тазартып көмек көрестіп қайтты.
22 ақпан күні 9-11 сыныптар арасында «Жасөспірімдер дің әкімшілік құқық бұзушылығы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді тарих пәні мұғалімі Тасболатова Кульшара Құрманқызық өткізді
23 ақпан күні 5-11 сыныптар арасында 100 ән жобасы бойынша «Халық әндері» сайысы өтті. Сайыста қазақ халқының әндерінен басқа да ұлттардың халық әндері орындалды.