Текст
21.02.2020 қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері Шокыбаева К.К. мен Камалова Д.М. Қазақстан халқының Ассамблеясына 25 жыл толуына орай 5-11 сыныптар аралығында "Қазақстан - татулық пен бірлік мекені" атты үш тілде мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Оқушылар өлеңдерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде талапқа сай мәнерлеп жатқа көркем түрде оқыды.
Іс-шара мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау.Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын қалаптастыру.