06.02.2020 "Колутон орта мектебі" КММ-де "Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігінің аясында 5-9 сыныптар арасында "Алтын жүрек анамыз" тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Тақырыбы: «Алтын жүрек анамыз»
Ұйымдастырушы : «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Хурман Марияш
Жүргізуші:Асылбеков Тамирлан
жүргізуші:Салеметсиздерме құрметті қонақтар,оқушылар,ұстаздар!
Бүгін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері Сара Алпысқызы Назарбаеваның "Бөбек" қайырымдылық қорының төрайымы, тек қана үлгілі жар, аяулы ана емес, еліне еңбегі сіңген қоғам қайраткері. Құрылған ұйым қызметінің басты бағыттары мен мақсаты: ол ана мен баланы қорғау, нәрестелер мен балалар үйлерін қамқорлыққа алу, мектептерді қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету, тұрмыс дәрежесі төмен отбасынан шыққан дарынды балаларға қолдау көрсету, балалар денсаулығын сақтау ісіне жәрдемдесу. Сара Алпысқызы туралы шағын бейне көрініс көрейік.
жүргізуші:Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасың жалғастыра отырып біз де өз мектебімізде «Өзін-өзі тану » сабақтарын өткізіп балалардың бойына адамгершілік құндылықтарын сініртуге тырысамыз.
Мектеп – білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімнің түп тамыры тереңде жатыр.
«Өзін-өзі тану» пәні халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, тағылымдық ой толғауларынан бастау алады. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын дұрыс таба білуге ұмтылады. Пәннің де әр тарауы, әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойына жалпы адамзаттық рухани – адамгершілік бес құндылықтардың қайнарын сіңіріп, өзіндік ерекшелігімен балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді.
Кешімізді жалғастыра отырып ортаға өз тақпақтарымен мектеп оқушыларын шақырамыз!
1.оқушы
Өзіңді тану – ғаламды тану,
Жақсы менен жаманды тану.
Өзіңді - өзің талқыға салып,
Адал менен арамды тану.
2.оқушы
Қателігіңді түсіне білу,
Дұрыс жүріп, күтіне білу.
Үлкенді сыйлап, кішіні сүю,
Күлетін жерде жөнімен күлу.
3.оқушы:
Сабақты оқып, тәртіпті болу,
Білімді жинап, дүниені шолу.
Өзіңді өзің тану дегенің,
Өз бойындағы мініңді жою.
Алғыс айтам, мен Сара апама
Бүлдіршінге бақыт сыйлап, жыр сепкен.
Бал-бөбектер анасы, данасы,
Жүректерге махабатпен нұр төккен.
4- оқушы:
Жақсы адам боп өссін деп,
Шығарған өзің тануды.
Сара апама мың алғыс,
Жолдаймыз салем жалынды.
Үмітіңді ақтаймыз,
Үйреніп өнер, білімді.
Ар-ұятты да сақтаймыз,
Жолатпай жаман қылықты.
5-оқушы:
Оқушының білімін де сынайды.
Бірін-бірі ізгілікке үйретіп,
Зерделеп, сыпайы сөз құрайды.
Оқушылар өзін-өзі таниды,
Бойымызға тек ізгілік дариды.
6-оқушы:
Өмірге қызыға қарайсың,
Бәрін де бақытты санайсың.
Бұл пәнді үйренсең ерінбей,
Бойыңнан керемет байқайсың.
7-оқушы:
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзі үзілмейді.
8-оқушы:
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.
9-оқушы:
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
10-оқушы:
Даламдай кең пейілім,
Жүрегім толы мейірім,
Мен үшін жоқ уағың,
Бәріңе ортақ шуағым.
Жер шарының ұл-қызын
Жылытуға жетер қызуым
11-оқушы:
Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
12-оқушы:
Құрметтеп ата-анамды,
Ардақтап әпке, ағамды,
Қамқор боп сіңлі-ініме,
Сыйлымын үлкен-кішіге
Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау –кішілік,
Үлгілі мінез-кісілік.
Жүргізуші:
Сара Назарбаева "Өмір әдебі" туралы кітабында: "Мен бала күнімде шамадан тыс қарапайым жасқаншақ болдым. Өзім білетін құрбыларымның барлығы да менен ақылдырақ, маңыздырақ сияқты көрінетін. Актриса болуды армандап, өзімнің балалық ақылыммен: «Қайдағы, бұл таңдаулылардың ғана ісі ғой» деп пайымдадым. Бақытыма қарай жас келген сайын «Балақайдың» арқасында бойымдағы бұйығылықтан біртіндеп арыла бастадым. Рас, актриса бола қойған жоқпын. Бірақ өмірімді бұрмаламай көрсететін бір қарапайым ақиқатты түсіндім. Ал нақтырақ алатын болсақ, адамдарды бір-бірінен ажыратуға болатын басты айырмашылық жан дүниесі мен рухтың үйлесімі арқылы өмір сүру қабілетін айқындайтын олардың санасының даму деңгейі екен", - деп Сара апамыз жазған болатын.
Келесі ортаға өз тақтаптарымен 5сынып оқушыларын шақырамыз.
жүргізуш: «Өзін-өзі тану» пәнінің балаларға, ата-аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір-біріне деген қарым – қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.
Ортаға 8 сынып оқушысы Қайыржанова Жансаяны шакырамыз!
жүргізуші:
Өмір деген – қымбат екен достарым,
Өмір –менің жарқылдайтын аспаным.
Өмір – менің сарқылмайтын дастаным,
Келесі сөзді 6 сынып оқушысыларына береміз
Көрініс «Өмір»
Немересі:
Ата, адамдар неліктен жасы ұлғайғанда ғана өмірді түсіне бастайды?
Атасы:
Өмірді түсіну адамның жасына байланысты емес, балам. Адам бала күнінен
бастап, өмірдің сан алуан құпияларын тануға құштар болса, өзінің жан дүниесіне үңіле білсе, дұрыс шешімдерді қабылдауға үйренсе, өмірді түсініп тани біледі.
Немересі:
Иә, адам өзі дұрыс деп ойлаған шешімді қабылдайды. Бірақ ол өзінің қателескенін кейін білетін кездері болады.
Атасы:
Барлық адам қателеседі. Ал ақылды адам өз қатесін түсініп, қорытынды жасайды.
Әңгіме қателік жасауда емес, одан сабақ алып, уақытында түзей білуде.
Немересі:
Меніңше өмірде бәрі жақсы болса, ешнарсеге қиналмауға болады. Кейде адам қиын жағдайға тап болып, қандай шешім қабылдау қажет екенін білмей дал болады. Неге?
Атасы:
Өмірдің ащысы да, тұщысы да болады. Адамның мықтылығы кез-келген қиындықты мойымай көтеріп, жеңе білуінде.
Немересі:
Өмірді танудың және жақсы өмір сүрудің қандай жолы бар?
Атасы:
Өмір сүрудің түрлі жолы бар, тек таңдау жасау өз қолыңда.
Оны таңдау үшін өзіңді, өзгені, өмірді таны. Жақсы мен жаманды анықтап бағасын бер. Өзіңе, өмірге, болашағыңа сенімді бол. Сөзіңе ісің сай болсын!
жүргізуші: Жақсы сөз- жарым ырыс дегенді әрқашан умытпа. Ізгілік әсемдігін меңгерген адам әрқашан да ар-ұяттың,әділдік пен жақсылықтың қамқоршысы болады.Өмірдегі азғын да арыз,бұзық та жексұрын адамдарға қарағанда,жақсылық жаршысы бола білген адамдар халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп,өзгенің құрметіне және сыйына ие болады.
9 сынып оқушысы Искакова Гулайымды қарсалайық.
Жүргізуші.
Бүгінгі «Алтын жүрек анамыз »атты мерекелік кеш өзі мәресіне жетті.
Алаш бөбектерінің анасына айналған Сара Алпысқы Назарбаеваға қуанышымен құттықтай отырып, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілегіміз келеді!
Назарларынызға рахмет!
Қош Сау болыныздар!