Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2022 жылға арналған есеп
1. Жалпы ережелер
«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Колутон ауылы, Кенесары көшесі, 12
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Колутон ауылында білім беру саласында 10 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2022 жылы Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі 31 қызмет көрсетті.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 0;
электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 0;
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 22;
қағаз нұсқасында көрсетілген қызметтер саны – 9.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
-«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
-"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"
-"Негізгі орта, жалпы орта білім беру бойынша құжаттардың түпнұсқасын беру»
-"Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау"
-"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау"
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0004.astrahanka.aqmoedu.kz/. Сондай-ақ, мектепте ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 2 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру
2023 жылы Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Орын. Л.Мажитова
Тел. 8 (71641) 24 4 96