"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Әсемпаз болма әрнеге" атты А.Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы

24.12.2019

"Әсемпаз болма әрнеге" мәнерлеп оқу сайысы.

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу. 

Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. 
Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.
Кіріспе: 
-Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар қауымы. 
Бүгінгі кемеңгер ойшыл, кемеңгер ақын Абай атамызға арналып отырған «Әсемпаз болма әрнеге» атты мәнерлеп оқу сайысына  қош келдіңіздер. 


- Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев. 
- Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. 

4 сынып оқушыларына сөз берейік: Тлеуова Аяжан,Гайвбек Дидар, Сагимбаева Фатима

 

 

 

1 – жүргізуші: Абай әндері өзінің терең сырлылығымен, әсемдігімен көптеген сазгерлердің шабытын оятып, қияалдарын  ұштап келеді. Көптеген сахналарда Абай әндері орындалуда.

1.     Табиғат бейнесін адам өмірімен байланыстыра бейнелеп беруде қазақ әдебиетінде теңдесі жоқ шебер суреткер ақын.

 

3 « А» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз: Марат А, Бахытбек Б.

3 «Б» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз Шмик Ангелиа,Сахапов Алмаз,Байсеитов Арнат,Набиев Серикболат.

1 – жүргізуші: Абай әндері өзінің терең сырлылығымен, әсемдігімен көптеген сазгерлердің шабытын оятып, қияалдарын  ұштап келеді. Көптеген сахналарда Абай әндері орындалуда

2 «А»сынып оқушыларына ортаға шақырамыз Орақбай Әдемі, Қанатбай қызы Самира

2 «Б» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз Дзюбенко Алина,Сергазина Ангелина,Пугалов Керил,Левкович Анастасия

 


 

1-жүргізуші : 
Абай - әлемі ұлы қазына, біз тек ақын өлеңдерінің аз ғана бөлігін қамтуға мүмкіндік алдық. Бүгін ХХІ ғасырдың басында біз Абайдың шығармашылығынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз. Дей келе

1 «А» сынып оқушыларын ортаға шақырайық Бибихан Нұралі

 

2- жүргізуші : 
Кешімізді Сағынғали Сейітовтың «Кім?» өлеңімен аяқтағым келеді. 

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? 
Жырымен жан сусынын қандырған кім? 
Өзіне өзі орнатып ескерткішті 
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім? 
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім? 
Талабын тас қияға өрлеткен кім? 
Құба жон, құбақан құм құла қырды 
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім? 
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? 
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? 
Арманын аттандырған келешекке 
Біздермен осы күнгі тербеткен кім? 
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім? 
Өзендей құйған барып көк теңізге 
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? 
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам 
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам 
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы, 
Ол - Абай, Ұлты - қазақ, Аты –Адам. 

Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтушылықтан, ізденуден жалықпайық. Себебі Абай – адамзат ақылшысы. Қатысушылар мен көрермендерге өз алғысымызды білдіре отырып, біз сіздермен қоштасамыз. 

       

 

Просмотров: 510


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст