Колутон орта мектебінің жанындағы шағын орталықтағы шағын ертеңгілік
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім - Қазақстаным» ертеңгілік
Мақсаты :
1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің тобымыздың"Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!
«Күншуақ» тобы мен «Балауса» топтарының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Балалар ән ырғағымен залға кіреді.
Әнұран айтылады.
Біздің балаларымыз «Отан» туралы өлең айтып берсін.
Тәрбиеші сөзі:
Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. Тәрбиеші: біздің балаларымыз «қара жорға» биін билеп берсін.
Би: «Қара жорға»
Тәрбиеші: Отан туралы өлең оқып беру
Ерасыл:
Отан деген- атамекен,
Отан деген-туған жер.
Валерия:
Отан- ана
Отан- улкен
Қазақстан -туған ел.
Анвар:
Отан менің ата- анам
Отан- досым ,бауырым.
Мансұр:
Отан- үлкен Астанам
Отан- аудан ауылым
Ильдар:
Асыл өлкем ерекше
Қазақстан- мекенім
Тәрбиеші: Кең байтақ туған елім Қазақстан,
Мен сені әрқашанда мақтан тұтам
Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,
Баршаны байлығымен таңқалдырған.
Төбеңде көк байрақты желбіретіп,
Жасашы, жасай берші Қазақстан!
Балалар барлығы «Тук,тук» биін билеиді.
Келесіде: Ата- аналарға арнап ойын өткізу.
Мұнда аналар теріс карап тұрады сап құрып,ең соңғы тұрған ана алдында тұрған ананыі артына қолымен куннін суретін салады. Кеиінгі аналар соны сезіну арқылы қандай сурет салғанын қағаз бетіне түсіреді. Ең соңғы тәтижесі қандай сурет салғанын анықтаимыз.
Хор: «Менің Қазақстаным».
Тәрбиеші: Сонымен балалар біздер бүгінгі оқу қызметінің Желтоқсан оқиғасы туралы, Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстық. Бүгінгі іс қызметіміз қызықты өтті барлықтарыңа мың алғыс,жарайсыңдар.
Шағын орталық тәрбиеші: Сақария Меруерт
13.12.2019 оқу жылы