Текст
Дүниеде балалар мен балалық шақтан маңызды және құнды ештеңе жоқ. Сондықтан мектепте «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік жаһандық іс-қимыл» жоспарын жүзеге асыру аясында «Менің бақытты балалық шағым» тақырыбында балалар салған сурет көрмесі өтті.
Оқушылар салған суреттерінде әртүрлі түстер палитрасы арқылы бақытты балалық шақты бейнелеп, қуанышты көңіл-күйлерімен бөлісті. Барлық жұмыстар әдемі, жарқын және түрлі-түсті.