"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психолог кеңесі: Ер бала тәрбиесі

16.01.2017

Психолог кеңесі: Ер бала тәрбиесі

Ұл баланың  тәрбиесіне қатысты психологтың кеңесіне құлақ асыңыздар:

Ұлыңыз сізге іштегі сырын ақтарса, соңына дейін тыңдаңыз. «Басымды қатырмай, сабақ оқы» деп көңілін қалдырмаңыз.

Жасөспірім шақта балаға қажеттісі – мейірім мен жылулық.

Балаға әкесін қарсы қоймаңыз, «сенің әкең мынандай» деп айтушы болмаңыз. Қазіргі таңда осы жағдай белең алуда. Әкесін сыйламаған ұл ертеңгі күні сізді де, болашақ жарын да сыйламай өтеді.

Дастархан басында ұлыңызға ұрсып, айғайлаушы болмаңыз. Ұлыңыз бір нәрсені дұрыс жасамаса, жеке отырып сөйлесіңіз.

Дау шығарудың қажеті жоқ. Есіңізде болсын, тіпті мүмкін емес деген жағдайларды

мейірімді жүрек қана жеңе алады.

Жасөпірім шақта баланың мінез-құлықтары өзгереді. Сол кезеңде ұл балаға дұрыс көмек көрсетіп, ақыл қосыңыз. Ғашық болып жүрсе, сіз де өмірден түйгеніңізді айтып, кеңес беріңіз.

Баланың бойында уайым мен қайғы бірге жүреді. Оның жүрегіндегіні сезіне біліңіз.

 Әкесі мен анасы бозбала шақта балаға дұрыс өнегелі тәрбие көрсетсе, ұл бала мейірімге қанық болып өседі. Ата-ана — баласы үшін  қашанда үлгі.

Мақтау сөздерді жиі айтып тұрыңыз. Тосын сыйлар да жасаңыз.

Кіммен достасып жүр, кіммен сөйлесіп жүр, қандай әуен тыңдайды – бәріне көңіл бөліңіз.

Балаңызды қатты қыспаққа алып, мазасын алмаңыз.

Жақсы отбасында өскен ұл бала қай жағдайда болмасын, бәріне шыдай білетін ер жүрек, батыл болып өседі.

Спортқа қызықса, спорт үйірмелеріне қатыстырыңыз. Неге қызығатынын байқаңыз.

Әке тәрбиесі – балаға қашанда сын, әкесін сыйлаған   ұл жат бауыр  болмайды.

 

Просмотров: 322


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст