16 Желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – Елімнің
Еркіндігі» ертеңгілігі
Күні:15.12.2016.
Мақсаты:Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып,желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар,балабақша бүлдіршіндері,бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған,сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты
ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.
Залдың іші мерекеге сай безендірілген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар сүйікті балалар!Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші,өмір 20 жылда біраз өзгеріске ұщырады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп,өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі біз бүлдіршінбіз яғни
сендерсіңдер. Сәби күлкісімен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын
Ислам
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ дегенқалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Алина
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерің мәңгілік сақталады
Нурали
Аласармас аспанымда
Күнмен гүлдеп өседі
Қазақстан аспанында
Бостандықтың желі еседі
Қарақат
Әнді алысқа жеткіземіз
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз
Тәуелсіздік ұлы күнді
Жүргізуші: Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігіміздің алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды.Отанымыз туған жеріміз,еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп келуде.
Настя
Елдігімнің – реңі,
Теңдігімнің – тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі
Алтын заңым – арай таным!
Нурбол
Маған қымбат ұлы елімнің
Шешек атқан әр гүлі
Аялайды бәрімізді
Азаттықтың таң нұры
Самира
Бостандығым тұңғыш рет
Аққанатын қаққан күн
Әже әлдилеп немересін
Басы айналған бақтан күн
Ән «Анашым»
Кирилл
Бәрі болған қазақ сынды көне елде
Ел белгі де,ерлік,өрлік,өнер де
Жаһандағы ең жауыргер халықта
Кім сенеді Ту болмады дегенге.
Жибек
Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға
Қалай оның Елтаңбасы болмайды
Түлігіне дейін салса ен – таңба?!
Найля
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын,өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран?!
Балалардың орындауында Хор «Біз өмірдің гүліміз»
Тәрбиеші: Енді ақ орданың төбесінде қан қызыл ту орнына көк ту қондырылып,желбіреп тұр.Онда бөрінің басы жоқ. Бірақ бөріні де бүріп түсер қыран бар. Құс төресі шартабақ күн аясында тәуелсіз,еркімен самғауға бағыт алғанын әрбір қазақстандық қастерлеп,мақтан тұтып,даңқын көтере беруге үлес қосса,көк туымыздың абыройы үстем болып,дұшпандарымызды күйіндіріп,достарымызды қуанышқа бөлей берері анық.
Матасы қандай,матасы – көк түстерден таңдалған,
Қазақтың ою – өрнегі , қыраны және самғаған.
Күн күлімдеп әлемге төгіп тұрған арай нұр,
Туымды менің көргендер қызыға қарап таңданған.
Сахналық қойылым : « Туым – намыс,ұранымыз –бірлік біздің»
Нурсултан
Өзіңдікі туыңда
От пен ауа,суың да
Жаса Қазақстаным
Белді бекем буын да!
Тәрбиеші:
Туған халқымыздың тарихын,батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін,жеріміздің байтақтығын,байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап,көкейге түйіп,елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз,басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ,бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті,жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді,дені сау Отанымыздың
лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа- ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар дайындаған «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты ертеңгілігіміз аяқталды.