Күні:19.12.2016
Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: 1-5 сандары.
Мақсаты:5-ке дейін есептік және реттік санауды бекіту; 2-5 сандарымен және цифрымен таныстыру; заттар
тобын салыстыруды үйрету, «=» белгісі.
Қостілді құрам:төрт-четыре,қабат-этаж, кіреберіс- подъезд.
Негізгі іс-әрекеті |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Дидактикалық көрнекіліктер |
Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық ұйымдастыру кезеңі.
|
Балаларды шаттық шеңберге отырғызу: Балалар біз қай елде өмір сүріп жатырмыз? Сендер өз елдеріңді,Отандарыңды жақсы көресіңдерме? Ендеше сендер ақылды, байсалды, білімді болуларың керек, сонда ғана Еімізге пайдаларың тиеді. Сол үшін сабақты жақсы оқу керек екен. |
Шеңбер болып отырады. Қазақстан елінде
Әрине.
Тыңдайды.
| |
Ұйымдастыру, іздену
Дәптермен жұмыс.
|
-Балалар, дене мүшелеріңнің қайсысы екіден екенін, қайсысы біреуден екенін, ненің үштен артық екенін айтыңдаршы. -Дұрыс айтасыңдар. Енді біз өткен сабағымызды қайталаймыз.
Тақтаға сандар, карзина ,үй, сәбіздер мен саңырауқұлақтар ілініп, балаларға есептер шығарту.
№1 тапсырма. Топтардағы затты сана. 2,3,4,5 заттан тұратын топтарды ата. Саны тең заттар тобын қоршап сыз. Шамаң келсе заттар қандай топтарға бөлінгенін атап бер. Саны тең заттарды цифрмен белгіле. Сергіту сәтін орындау. Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай балалар Үп-үлкен боп өседі. 2 тапсырма. Заттарды санап, қажетті цифрды жүргізіп шық және үштен артық шырағдандарды боя.
№3 тапсырма. Сәйкес заттарды тап.
Заттың қасиеттерін бекітуге арналған үлестірмелі материалмен жұмыс: Заттарға көз жүгірт. Әр карточкадағы заттарға не ортақ? Әр карточкадағы заттарды топқа жіктеуге бола ма? Әр топты бір сөзбен ата. |
Дене суреттері
Карзина, үй, сәбіздер, саңырауқұлақтар, қоян, кірпі. |
Қол , аяқ, көз, құлақ екеуден. Мұрын, ауыз, бас біреуден.
Тақтадағы суреттер бойынша есептер орындайды.
Заттар санын естеріне сақтайды.
Қимылмен көрсетеді.
Тапсырмаларды орындайды.
Карточкалармен жұмыс жасайды.
|
Рефлексивті түзету |
Балалар сабақ сендерге ұнадыма? Нелермен таныстық?
Бір аптада неше күн бар екен? Атаймыз. Балаларды мадақтау. |
Өз ойларын айтады. Дене мүшелерінің санымен, есептер -мен таныстық. 7 күн бар. 7 күнді атайды. |
Күтілетін нәтиже:
Жүйелейді: заттарды, пішіндерді топтастырады.
Қолданады: заттарды салыстырғанда аз-көп сөзін дұрыс қолданды.
Түсінеді: суреттерге қарап санауды түсінеді