Пән аты Қазақ тілі |
Уақыты 3.02.2017ж. |
Кабинет №6 |
Мұғалім Каркенова А.К. |
Сынып 3 «А» |
Сабақтың атауы |
Сөз таптарын еске түсіреміз | |||
Сабақтың мақсаты |
Оқушылардың сөз таптары туралы алған білімдерін одан әрі тереңдету. Әр алуан іс-әрекет барысында сөз таптарын таба білуге машықтандыра түсу. Сауатты жазуға дағдыландыру. | |||
Күтілетін нәтиже |
Сөз таптарын біледі. Сөйлем ішінде ажырата алады. Сөз таптарының түрлерін біледі. | |||
Керекті құрал-жабдықтар |
Смайликтер, оқулық, интерактивті тақта, бағалау парақшасы, постер. | |||
Психологиялық ахуал (2 мин) |
Смайликтерді таңдап, сол бейнелерді бір – біріне көрсету | |||
Топқа бөлу (3 мин) |
Сөйлемдердегі жасырылған сөздер арқылы 3 топқа бөлу Кішкентай балалар ....... . Кішкентай ............ жүгірді. ................. балалар жүгірді. Көшбасшыны таңдау | |||
Миға шабуыл (10 мин) |
Әр топқа сұрақтар қою: 1)Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім, бастауыш болады, жалқы, жалпы есім түрлері, сұрақтар – Кім? Не? Кімдер? Нелер? 2)Заттың қимылын, іс әрекетін білдіретін сөз табы? (етістік, баяндауыш болады, дара, күрделі түрлері, сұрақтар – Не қылды? Не істеді? Қайтті? 3)Заттың түсін, сапасын, салмағын, көлемін, дәмін білдіретін сөз табы? (сын есім, сұрақтары – Қандай? Қай? 4)Заттың санын, ретін білдіретін сөз табы? (сан есім, дара, күрделі – түрлері, сұрақтары – Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу? Нешінші? | |||
Мағынаны тану (10 мин) |
2-жаттығу (мәтін құрастыру) ауызша 3 – жаттығу топтарға бөлу: 1 топ-етістік, 2 топ-зат есім, 3 топ-сан есім, бәрі-сын есім. Орындарын ауыстырып бір-бірін тексереді. | |||
Сергіту сәті (2 мин) |
Әр топтан бір бала шығып сөз таптарына қимыл жасайды, қалғандары қайталайды | |||
Ой толғаныс (5 мин) |
5 – жаттығу -постермен жұмыс: бағандағы артық сөзбен сөз тіркестерін құрастыру (ойыншық, жақсылық, еңбекқор) | |||
Үйге тапсырма (3 мин) |
4-жаттығу. Түсіндіру. | |||
Бағалау (5 мин) |
Бағалау парақшасын толтырып, өз-өзіне баға қояды | |||
Кері байланыс (5 мин) |
Баға жазылған смайликтерді алып, бағалау сатысына жапсырады. |