«Қамқорлық - қайырымдылық» акциясы туралы.
Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы аясында
әлеуметтік қорғалмаған санатындағы балаларға көмек көрсету мақсатында күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуді қолға алынып отыр.
Осыған орай аудандық білім беру бөлімі 2017 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпан аралығында аудан аумағындағы барлық мектепте жалпыға бірдей білім беру айлығы өткізілді . Айлық барысында тұрмысы төмен және көп балалы отбасынан, жартылай жетім мен сәтсіз отбасынан шыққан білім алушыларға көмек көрсетілді.
Акция аясында тұрмысы төмен отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, демеуші болғысы келетін жоғарғы сынып оқушылары өз үлестерін қосып, нәтижесінде 9000 теңге көлемінде12 оқушыға оқу құралдары мен киім-кешектермен қайырымдылық көмек көрсетілді.
Аялы алақанымызды, қол ұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту осы біздің борышымыз. Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір-
бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық !
Колутон орта мектебінің тәрбие ісінің орынбасары : А.Жаксыбаева.