Пәні: қазақ тілі
Пән мұғалімі:Хаметова Аида Амангельдиевна
Сабақтың тақырыбы:Астана. Болжалды келер шақ
Мақсаты: Болжалды келер шақ туралы және олардың жасалу жолдарын түсінеді.
Күтілетін нәтиже:
1. Іс-қимылдың қай кезде екенін білдіретін келер шақ, болжалды келер шақ туралы айта алады.
2. Түрлерін, жасалу жолдарын анықтап, тұжырым жасай алады.
3. Жекелей, топтық іс-әрекеттерді жоспарлап ұйымдастыра алады.
Ресурстар: оқулық, қима қағаздар, проектор, доп, шарлар, флипчарт, дискриптор.
Уақыт |
Кезеңдер |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
2 мин |
Ұйымдастыру |
Психологиялық ахуал туғызады |
Бір-біріне жылы лебіз білдіреді |
3 мин |
Өткен сабақты пысықтау |
«Ыстық доп» стратегиясы бойынша үй жұмысын тексереді. |
Доп кімнің қолында, сол сұрақ қояды. Кімге допты лақтырады, сол оқушы жауап беру керек |
1 мин |
Топқа бөлу |
Түрлі түсті шарларды ішіне қағазға қажетті сөзді жазып, салу арқылы тақтаға іліп қояды. |
Ұнаған шарды таңдап алады, оны жарады, ішінен қағазды алу арқылы 2 топқа бөлінеді, міндеттерімен танысады |
2 мин |
Миға шабуыл |
Мақал – мәтел ұсынады Ата-ананың қадірін, Балалы болғанда білерсің. Ағайынның қадірін, Қаралы болғанда білерсің. Жанашырдың қадірін, Жалалы болғанда білерсің.
|
Ø Мақалды оқиды; Ø Мағынасын ашады; Ø Етістіктерді табады; Ø Етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтайды. Ø Қалай жасалып тұрғанын анықтайды Ø Тақырыпты ашады
|
1 мин |
Мақсат қою |
Бағыт береді |
Мақсат қояды. Күтілетін нәтиже шығарады |
15 минут (3 мин оқуға, 3 минуттан қорғауға) |
Мағынаны ашу |
Оқулықпен жұмыс 147 -148 бет «Астана» мәтінімен жұмыс |
Оқиды, түсінеді, талдайды, ажыратады, қолданады жобаларын қорғайды, бір – біріне сұрақ қояды. |
1 мин |
Сергіту сәті |
Жаңылтпаш айтады.6 кесе қойылады «Шалшық,балшық, Балшық, шалшық, Балшықтан, ал, шық!» |
Әр кесенің астына бір зат,салынады,таңдайды. |
4 мин |
«Қалпына келтіру» стратегиясы |
Көп нүктенің орнына тиісті болжалды келер шақ тұлғалы етістікті қойып, жазғыздыру (актив-студио қолданады) 1. Оқысаң ….., Оқымасаң.... 2. Ақыл көпке ....., Өнер көкке ...... 3. Ой түбінде алтын бар, Ойлай берсең ..... Керекті сөздер: жеткізер озарсың,табарсың,тозарсың |
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қолданып тиісті болжалды келер шақ тұлғалы етістікті қойып жазады. Мағынасын ашады.
|
9 мин (3 мин тапсырманы орындауға, 2 минуттан қорғауға) |
Сабақты пысықтау |
Әр топқа екі сөзден береді. 1 топқа:биле, қайт 2 топқа:секір,жүгір
|
Әр топ етістіктерді болжалды келер шаққа айналдырып, жіктейді, сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды. |
3 |
Дарынды оқушымен жұмыс |
Астана тақырыбына ребус құрастыру |
Дарынды оқушыға А4 қағаз беру,түрлі-түсті қарандаш беру |
1 мин |
Үйге тапсырмасын беру |
Болжалды келер шақ ережесін қайталау, «Астана» 149 бет 8 тапсырма |
Күнделіктеріне үй тапсырмасын белгілейді. |
5 мин |
Бағалау |
Формативті және жиынтық бағалау жасайды оқушылардан кейін (комментариймен) |
Топ басшысы өз тобындағы мүшелерді бағалайды. Бірінші топ екінші топты, екінші топ бірінші бағалайды |
1 мин |
Рефлексия |
Бағыт береді. Сұрақтар бұрышына сұрақтарды және бүгінгі сабақты «білімді пайыздық меңгеру» бұрышына стикерлерін іліп кетуді талап етеді |
Сұрақтар бұрышына сұрақтарын және бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендерін «білімді пайыздық меңгеру» бұрышына стикерлерге аттарын жазып, іліп кетеді |
«5» - қызыл
«4» - жасыл