Мектебімізде өткен Мақатаев оқулары.
Мұқағали Мақатаевтың туған күні арнап 8-10 сынып оқушылары арасында Мақатаевоқуларын өткіздік.
Мақатаев оқуларының негізгі мақсаттары: мектеп оқушылары арасында Мұқағали шығармаларын насихаттау. Оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезімін мәдениетін дамыту.Оқушыларды Мұқағали поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, азаматтыққа бағытталған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Мақатаев оқулары үш бөлім бойынша өткізілді:
1 бөлім «Поэзия ,менімен егіз бе едің?» - Мұқағали шығармаларын жатқа оқу.
2 бөлім «Жырлайды жүрек» - Мұқағали әндерін орындау.
3 бөлім «Ақынның қанатына жазылған жыр» - ақынға арнап өлең шығару.Нәтижесінде І орынды «Поэзия ,менімен егіз бе едің?» номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Смагулова Арай.
«Жырлайды жүрек » номинациясы бойынша І орынды 9 сынып оқушысы Кунжаксина Адина . «Ақынның қанатына жазылған жыр» номинациясы бойынша І орынды
8 сынып оқушысы Тлейхан Махаббат осы оқушылар бас жүлделерді иеленді.