"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің досым Ақбақай.

27.02.2017

Менің досым Ақбақай.

         Бір күні сабақтан үйге келсем әкем далада мені қарсы алды. Қолында кішкентай қара түсті күшік  бар екен.«Міне, балам, бізге тағы бір сері жігітіміз келіп қалды » – деді қуаныса күлімдеген жүзімен қолымен иттің құлағы мен шоқтығын еркелете сипап.Мен осы кішкентай күшік ертеңіне өте зерек, батыл әрі шыдамды, адал ит болатының әкеме қуана айттым. Күшік менімен келісе кеткендей жіңішке дауысымен шәуілдеді. Сол кезден бастап екеуіміз айырылмастай дос болып кеттік. Мен оны бақайлары ақ болғасын Ақбақай деп ат қойдым.Итімнің көптеген қылықтары маған қатты ұнайды. Оларды атап кетсек:жүгіру,секіру және ең басты қасиеті ол берген бұйрығымды бұлжытпай орындайды.Ол менің не сезетінімді түйсініп, менің көңіл-күйімді қабылдайды. Білесіз бе, кейде ол менің ойымды оқи алатындай көрінеді. Бірде менің көңілім болмай отырып едім. Ақбақай менің қасыма келіп қолымды жалап, құйрығымен бұлғаңдатып  қасыма отырды. Бір кезде жүгіріп кетті де, жүр ойнайық дегендей ауызында өзінің кішкентай добын алып келді. Өзінің екі қара көзімен маған карап: «Көңіліне алма, мен қасындамын ғой» -  деп айтқысы келгендей көрінді.Осылай біз бір- бірімізді қолдап жүреміз. Күндердің күнінде мен ауылдың көшесінде ауылдас балалармен ойнап жүр едім. Ақбақай менімен болды. Бір сәтте алдымыздан  бір

үлкен төбет шығып, бізге қарай жүгірді Ақбақай өзінің кішкентайлығына қарамай

оған үрді. Мен достарымен тастарды алып үлкен итті қуып жібердік. Итім ризашылығын көрсетіп менің үстіме ілінді.

Айтай берсем Ақбақай екеуіміздің оқиғаларымыз көп. Менің ойымша әр адам өз итін шексіз жақсы көреді.Мен сіздерге менің осындай жан жетпес досым бар екенін айтқым келді .

 

Елемес Думан

 

Просмотров: 328


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст