"Анамның күлкісі"
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз.
Таусылмасын ешқашан
Аналардың күлкісі.
Күлкі - ғажайып сый. Ана күлкісі күннің шуағы тәріздес бүкіл жер шарын жылытады, жақсы іс-әрекеттерге жетелейді, көңіл күйді көтереді. Ана ренжісе, үйдің ішін қараңғылық кернейді. Ана жымиса үй ішінен шашырап күн шығып келе жатқан сияқтанады. Ал менің анамның күлкісі шынайы және ашық. Анамды күлдірсем, жаным сондай рақаттанып
қалады . Анам күлгенде, оған жүгіріп, құшақтап алып, құлағына "Мен сені жақсы көремін!" деп сыбырлаймын. Сол сәтте анам менің кішкентай кездерімдегі жасаған қылықтарымды еске алып, күлімдеп әңгімелейді. Осындай тамаша минуттардан артық ештеңе жоқ!
3"А" сынып
Куанышбеков Дамир