Ата-аналарға арналған ақпарат жұмыс
"Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық
сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады"
Нұрсұлтан Назарбаев
Отбасы - қоғамның маңызы буыны және өзінше бір кішігірім ұжым..
Бала - тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы.
Баланы үлкендер өміріне дайындау жайлы ережелерді, ата-аналарға таныстыру:
• Біреудікін тартып алма, өзіңдікін берме;
• Ешбір себепсіз соғыспа;
• Ойнауға шақырса бар, шақырмаса ойнауға рұқсат сұра, бұл ұят емес;
• Әділ ойна, өз досыңды сатпа;
• Біреуді мазалама, сұрақты екі рет қайталама;
• Ескертулерге ренжіме, көкіректі бол.Ескертулер үшін мұғалімнен санаспа, ренжіме;
• Біреуге жала жаппа;
• Тазалақты болуға тырыс;
• Жиі айт: дос болайық, ойнайық, бірге үйге барайық;
• Есте сақта! Сен бәрінен жақсысын, ешкімнен кем емессің; Сен ата-анаң үшін,өзің үшін, мұғалімдерің үшін, достарың үшін ең жақсысың.
Бұл ережелерде ата-аналар көрінетіндей етіп бала бөлмесіне ілсе, өте дұрыс.
Мұғалімдер ережелердің іске асу, аспауын бақылауға алуы қажет.
Ата-аналарға көмек ретінде:
Талапты бала өсіргіңіз келсе:
• Баланың барлық сұрақтарына шыдамды әрі шын жауап беру;
• Балаға жоспар құруға көмектесу;
• Балаға қызық жерлерді нұсқау;
• Балаға жұмысын жақсартуға көмек көрсету;
• Достарымен араласуға көмектесу, қолдау;
• Балаңа басқалардан жамансың деп айтпау;
• Көңіліне тиер сөздермен ұрыспау;
• Оны қызықтыратын кітаптар алып беру;
• Оған кітап оқып беру;
• Бала кезінен кітап оқуға үйрету;
• Қалауын түсіне білу;
• Баламен жеке араласуға уақыт табу;
• Қолынан келмеген нәрсеге ұрыспау;
• Үлкендермен еркін араласуға үйрету.