Ата-аналарға арналған ақпарат жұмыс "Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады" Нұрсұлтан Назарбаев
Отбасы - қоғамның маңызы буыны және өзінше бір кішігірім ұжым..
Бала - тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Баланы үлкендер өміріне дайындау жайлы ережелерді, ата-аналарға таныстыру: • Біреудікін тартып алма, өзіңдікін берме; • Ешбір себепсіз соғыспа; • Ойнауға шақырса бар, шақырмаса ойнауға рұқсат сұра, бұл ұят емес; • Әділ ойна, өз досыңды сатпа; • Біреуді мазалама, сұрақты екі рет қайталама; • Ескертулерге ренжіме, көкіректі бол.Ескертулер үшін мұғалімнен санаспа, ренжіме; • Біреуге жала жаппа; • Тазалақты болуға тырыс; • Жиі айт: дос болайық, ойнайық, бірге үйге барайық; • Есте сақта! Сен бәрінен жақсысын, ешкімнен кем емессің; Сен ата-анаң үшін, өзің үшін, мұғалімдерің үшін, достарың үшін ең жақсысың. Бұл ережелерде ата-аналар көрінетіндей етіп бала бөлмесіне ілсе, өте дұрыс. Мұғалімдер ережелердің іске асу, аспауын бақылауға алуы қажет. Ата-аналарға көмек ретінде: Талапты бала өсіргіңіз келсе: • Баланың барлық сұрақтарына шыдамды әрі шын жауап беру; • Балаға жоспар құруға көмектесу; • Балаға қызық жерлерді нұсқау; • Балаға жұмысын жақсартуға көмек көрсету; • Достарымен араласуға көмектесу, қолдау; • Балаңа басқалардан жамансың деп айтпау; • Көңіліне тиер сөздермен ұрыспау; • Оны қызықтыратын кітаптар алып беру; • Оған кітап оқып беру; • Бала кезінен кітап оқуға үйрету; • Қалауын түсіне білу; • Баламен жеке араласуға уақыт табу; • Қолынан келмеген нәрсеге ұрыспау; • Үлкендермен еркін араласуға үйрету.
|