Сабақтың тақырыбы: Алқа тұқымдастары
Сабақтың мақсаты:
А) алқа тұқымдастарына жататын түрлердің биологиялық ерекшеліктері, барлығына тән
белгілері,табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы жайлы білім беру.
Б)гүлді өсімдіктердің жеміс, тұқым түзетіні, олардың жабайы, пайдалы, мәдени өсімдіктер
болып бөлінетіні тұралы түсінік ұғымдарын кеңейту
Сабақтың түрі: аралас
Мұғалімнің іс әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
1. қадам |
|
Топқа бөлінген оқушыларға Үйде берілген раушангүлділер тұқымдасына берілген рефератты талдау тапсырылады. |
Әр топ Раушангүлділерге арналған рефератты талдап , мұғалімнің берген тапсырмасын топта талдап, топ мүшесінің бірі шығып қорғайды.Әр топ жетекшісі бағалау парағын толтырып отырады. |
2.Қадам |
|
Қызығушылықты |
ояту |
Оқушыларға жұмбақтар жасырылады. Жұмбақтың шешімінінің дұрыстығын қадағалайды. Жерде жатып желіндейді Күз түскенше желінбейді Үндеместен төлдеп жатыр Су беріңдер шөлдеп жатыр (қауын-қарбыз) 2.Отыз көйлек киінген Бір түйме жоқ ілінген 3.Сопақша көк өні бар Пайдалы ,мөлдір сөлі бар Піскен кезде жияр Оның аты-.....(қияр) 4,Іші сары, сырты қатты Дәні дәрі ,дәмі –тәтті Пісіріп жесең ,ас-тамақ Оның аты—(асқабақ)
|
Оқушылар жұмбақты шешіп жасырылған көкеніс дақылына сипаттама беріп маңыздылығына тоқталу |
3.Қадам |
|
Мағынаны |
тану |
Қосымша әдебиетпен жұмыс 1.топқа берілген тапсырма Алқа тұқымдастарының ортақ белгілері 2.топқа .Топ.-Алқа тұқымдастарының бір өкіліне сипаттама беру 3.топқа Алқа тұқымдастарының маңызы
|
Әр топтың оқушылары топта талдап талқылайды. Топтан постерге түсіріп спекер қорғайды. |
4.Қадам |
|
Ой толғаныс |
|
1. №24 зертханалық жұмыс «Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы»Суреттер мен кеппешөптерден гүлін, жапырақ. Сабақтарын қарап ерекшеліктеріне сипаттама беру 2.Графикалық диктант Аталмаш тұқымдастарға ортақ сұрақ қойылады. А) Шаршыгүлділер тұқымдасы Ә)Раушангүлділер тұқымдасы Б)Алқатұқымдасы Сұрақ: 1.Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер кіріккен күлтелі өсімдіктер 2.Итмұрын осы тұқымдасқа жатады. 3.Осы тұқымдастың гүлінің формуласы: Т(5)К(5)А(.....)Ж(1) 4.Бұл тұқымдасты кейде крестгүлділер тұқымдасы деп те атайды. 5.Бұл тұқымдастың жемісі—бұршаққын, немесе бұршаққап 6.Осы тұқымдасқа алма , алмұрт,долана сияқты мәдени өсімдіктер кіреді. 7.Бұл тұқымдастың Кейбір өкілі улы өсімдіктер, оларды ауруларға дәрі ретінде қолданады (А) 8.Тұқымдарында эндосферм болмайды.(РгТ) 9.Гүлі шашақ гүлшоғырына жиналған. 10.Екінші нан деп аталатын көкеніс осы тұқымдасқа жатады.
|
Әр топтан үш оқушы шығып Сұраққа жауап береді. |
5.қадам. Қорытынды. |
|
1. Бағалау . Топ жетекшілерінің бағасымен танысып, өзінің бағасын шығарады. 2. Үй тапсырмасы: Оқулық мәтінін оқу Сұрақтарға жауап беру. |
Топ жетекшілері топ мүшелерінің бағасын жариялайды. |