Анам мен әкемге мейірімді тілек.
Бұл дүниеде әр адам құс сияқты екі қанатпен дүниеге келеді.Біріншісі-Әке,екіншісі-Ана.Осы қанаттардың көмегімен бала биікке көтеріле алады.Сондықтан,адам өмірінде ата-ананың рөлі зор.Иә, бізөмірбойыалақандарымызғасалып,аялап, мәпелесек те бұл екі адамның алдындағы перзенттік борышымызды еш өтей алмайтынымыз анық. Әуелі- мынау жарық дүниені сыйлады. Одан кейін қанаттыға қақтырмай,
тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп жеткізеді. 11 жыл бойы мектепте оқытады, одан кейін
жоғарғы білім алуға мүмкіндік жасайды.
Мен үшін,ата-анам-менің тыныс алар демім,менің қорғаным,менің күш-қайратым.Осы екі адам,жүрегімде өзіне деген мәңгі өшпес махаббат,сүйіспеншілік қалдырып,сөзбен айтып жеткізе алмас жылу берді.Мен алғысымды,әрине, өз ата-анама айтқым келеді.Маған жасаған барлық жақсылықтары үшін,қиын сәттерде демеу болып, қуанышты кездерде менімен шынайы бақытты болғандары үшін «Үлкен Рақмет!» айтамын.Өйткені,тек осы адамдар сенімен бірге қуанышты да,қайғыны да,жеңістер
мен жеңілістерді бірге бөліседі емес пе!?
Ата-анам-менің өмірімдегі ең басты адамдар.Оларсыз өмірімді елестете алмаймын, елестетуді тіпті қаламаймын!Менің ең бағалы қазынам-Өзіңізсіздер,мен сіздерді жақсы көремін!Аллама ризашылығымды білдіріп,шүкіршілік айтамын.
Саған тек жақсылық тілейтіндер- осы адамдар.Ендеше,ата-анамызды қорғайық, қадірлейік!
9 сынып оқушысы Смагулова Арай.