Жақсы сөз – көңіл құлпын ашатын кілт. Жылы сөз адамдарды шаттандырады, қуанышқа бөлейді, бақытты етеді. Олардың қарым-қатынасын жақсартуға ықпал етеді. Жылы сөздер күннің көзі секілді. күннің көзі болмаса қараңғы, суық, көңіліміз жоқ болар еді. Адамдар бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа,достыққа қол жеткізеді. Күнделікті өмірде жиі қолданылатын жақсы сөздер де сыпайлықты, құрметтікті көрсетеді. Біздің қазақ жұртында жақын
туысына, көршісіне деген ыстық ілтипаты сөз мәнерінен көрінеді. «Жақсы сөз-жанға
қуат» , «Жақсы сөз-жанды жадыратар» -мұның барлығы ата-бабадан қалған асыл сөздер. Қол ұшын беру, жәрдем ету, жанашырлық көрсету- жылы жүректілікті білдіреді. « Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» . Ол – адамдар арасындағы өзара сыйластыққа , ата-аналарына, жақын туыстарына деген өздерінің сүйіспеншілігін арттырады. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді, мұнайтады, оны уайымға салады. Біздің әрбір сөзіміз айналамызға әсер етеді. Бір-бірімізге жақсы сөз айтуды қажеттілігі өте зор. Сондықтан қолдан келгенше бір-біріне жылы лебіздер,жақсы сөздер айтқан дұрыс.
Амырканова Камила