"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ана-өмірдің гүлі" бейнелеу өнері

11.03.2017

Тақырыбы: «Ана-өмірдің гүлі»

Мақсаты:  Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі.  Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: көріністер, әндер, суреттер, ойынға қатысты көрнекіліктер, буклет. Плакатқа жазылған нақыл сөздері.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Мұғалім:

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын

8 – наурызға арналған  «Ана-өмірдің гүлі» атты сайысқа қош келдіңдер демекпін.

 Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз.


Олай болса  Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан

қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.

1 тур. Ана туралы мақалдар сайысы.

Алып анадан туады, .................................. (Ат биеден туады.)

Ананың ойы ұяда,  ..............................(Баланың ойы қияда.)

Ананың сүті — бал,  ..............................(Баланың тілі — бал.)

Анаңа ауыр сөз айтпа,  ..............................(Атыңа ауыр жүк артпа.)

Ағайын — алтау, ................................(Ана — біреу.)

Баласы атқа шапса,.....................( анасы үйде тақымын қысады.)

2 - тур: Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз.

а)Өнер саласында қызмет етіп жүрген абыройлы аналардың есімдерін атау.

  ә) Спорт саласында түрлі жарыстарда «үздік» атанған аналар есімін атау.

Мұғалім: Бүгінг сайыста  көктемдей көңіл сыйлайтын  аналарына арнап жазған өлең шумақтарын қағаз бетіне түсіруге де дайын деп ойлаймын. Ендеше берілген жолдарға өлең жалғастырып жазу.

 3-тур: А) Шалқып, тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,...........

Ә) Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар......


4-тур: а)Аналарының есімдерінің бірінші әріптеріне сәйкес сөйлем жазу.

            Ә) Өз есімдерінің бірінші әріптеріне сәйкес сөйлем жазу.

Мұғалім: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

5-тур. 

Әнді орындау және мәтін мазмұнын суреттеу. 

А) Нұрын төккен маған шуағымсың сен,

Құттықтаймын мама салтанатыңмен.

Бақытты ғой заман қандай көңілді,

Мен тілеймін саған ұзақ өмірді.

Ә)  Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден,

 Анаға сыйлаймыз.


Қорытынды: Әр топтың  жинаған ұпай санын анықтау. Жеңімпаз топты  мадақтау.

Просмотров: 343


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст