Кітап-ақылды қуаттандыратын құрал
Кітап - адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал. Білім мен тәрбие көзі. Ол - адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Оқушының жан-жақты дамуы, жарасымды қалыптасуы оқыған ортасына, алған біліміне байланысты. М. Айбек: "Кітап адамзат ақыл-ойынның інжу-маржанын бойына жинайды да оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Біз бір уыс күл топыраққа айналамыз, ал кітаптар дәл бір темір мен тастан қашалап жасалған ескерткіштердей ғасырлар бойына сақталады", - деген екен. Сол себептен білім алу үшін кітап ауадай қажет. Ол - білім бұлағы. Оны бойға сіңіру үшін көп оқу қажет.
1-топ "Алғырлар"
2-топ "Тапқырлар"
1-кезең: " Өлең - сөздің патшасы" мәнерлеп оқудан жарыс.
1-оқушы:
Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келме соған жиған мүлкі.
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,
Ақыл-ой қазынасы өмір көркі.
Түлекті тәрбиелер кітап - мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылынды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
2-оқушы:
Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жаттап ап,
Көтеріп күйін көңілдің.
Айдын-шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көлдерсің.
Ауадай қажет бейне бір,
Таппасың нәрін шөлдерсің.
Кітаптарды баршаға,
Талайғалым қолға алып.
3-оқушы:
Кітап сенің құралын,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсы залға бір адам,
Кітап та алма ағашы,
Жемісін бізге беретін,
Тәтті алмаға балаш
2-кезең: "Сөздің көркі - мақал". Мақал-мәтел жарысы.
Ғылым - теңіз,
Білім - қайық..
Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Ақыл озбайды,
Білім тозбайды.
Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба.
Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
Оқу - білім азығы,
Білім - ырыс қазығы.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Кітап оқығандікі,
Білім тоқығандікі.
Кітап-алтын сандық.
Аз сөйле, көп тыңда.
3-кезең: Ойлан, тап. Жұмбақ жасырайық.
Оқытады жазда,
Оқытады қыста,
Тілсіз дана ұстаз.
/кітап/
Өмірдің талай сыры,
Ішінесыйыпкетеді.
/кітап/
Қойған жерінде жатады,
Қолыңа алсаң өзіңе тіл қатады.
/кітап/
Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса аттама.
/кітап/
Торкөз ішінде жасырылған қандай сөздер?
б |
т |
і |
л |
с |
и |
л |
к |
б |
ж |
к |
в |
о |
ғ |
п |
р |
а |
т |
і |
ң |
і |
и |
ю |
д |
б |
о |
қ |
д |
л |
м |
т |
ғ |
н |
г |
ө |
т |
ы |
з |
і |
қ |
а |
ә |
р |
і |
п |
в |
л |
ұ |
м |
ү |
п |
й |
ш |
о |
қ |
у |
ш |
ы |
с |
о |
қ |
я |
ч |
ө |
н |
е |
р |
ю |
п |
қ |
л |
а |
м |
а |
қ |
а |
л |
о |
у |
у |
Сөзжұмбақ
|
|
|
|
|
К |
|||||
|
|
|
|
|
І |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Т |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
А |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
П |
|
|
|
|
|
1. Пулеметші қыз?
2. Жаз айы?
3. Бірінші қазақ ғарышкері?
4. Жазатын құрал?
5. Білім ошағы?
Сайыс қорытындысы бойынша жеңген топ марапатталады.