«Қазақстан – жарқын істердің жолашары»
Биылғы жыл біздің еліміз үшін ерекше болмақ, олай дейтініміз айтулы мерекелер, «Тәуелсіздігімізге -25 жыл» толып отыр, және «ЭКСПО-2017» - индустрияландырудың нышаны және технологиялық табыстарды көрсету үшін ашық алаң болып табылатын халықаралық көрме Астанада өтпек. ЭКСПО -2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болып табылады.
27 наурыз күні «Колутон орта мектебі» КММ «Қазақстан – жарқын істердің жолашары» тақырыбындағы «Ақмола жұлдыздары» атты «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған аудандық көркемөнерпаздар байқауы өткізілді.
Мектеп оқушылары және ұстаздары белсене қатысып, концерттің ерекше өтуіне үлкен үлес қосты. «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған іс- шаралар ауқымды кең көлемде өтті.
6а сынып оқушылары: Искакова Гулайым және Тасболатов Арлен, жетекшісі- Хахтай Гулжазира мен сурет көрмесін ұйымдастырды.
Технология пәні мұғалімдері: Заманбек Айжарық пен Хаметова Айда ұйымдастыруларымен қол өнер бұйымдарынан көрмелер қойылды.
9а сынып оқушыларымен ұйымдастырылған «Шаттық» аспаптық ансамблі, «Балауса» «Балдырған»,»Жас өрендер» мұғалімдер вокалдық топтары және «Жадо», «Мерей» би топтары өз өнерлерін көрсетті.
Жетекшілері: Жұмабай Баршагүл, Каркенова Айнаш Кабылхановна.
Тәлімгер: Жұмабай Баршагүл