"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тіліміз әртүрлі Отанымыз бір "

13.04.2017

Мәнерлеп

оқу сайысы

 

Тақырыбы: "Тіліміз әртүрлі Отанымыз бір "


Мақсаты: 

1: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 

2: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру. 

3: Әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, ұлттар арасындағы ынтымақты нығайту. 

Сабақ барысы:  Ұйымдастыру

1-  жүргізуші:

– Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, оқушылар мен қонақтар!

Өз тіліңді құрметте, – деп бабамыз тегін айтпаған еді. Қазақстанның ортақ жерінде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлт өкілдері, өздерінінің туған ана тілін, өз мәдениетін, ұлттық биін мәңгі жадында сақтап келер ұрпаққа мұра етеді. "Тіліміз әртүрлі Отанымыз бір " атты мәнерлеп оқу  сайысына  хош келдіңіздер!

 

2 – жүрізуші:

– Добрый день, Уважаемые учителя и участники конкурса! Язык любого народа это бесспорное достояние и обязательное условие сохранения его традиций и культуры. Наше

государство защищало и будет защищать неотъемлемое право граждан любой национальности на развитие своего языка и культуры, традиций и обычаев. 

Әнұран орындау

Бейнефильм көру "Менің Елім- Қазақстан"

1–жүрізуші:

«Сан ғасырлардан бері қазақтың кең даласына көптеген ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтары келіп орнығып, бір –бірімен тамыр, дос болып, тату – тәтті өмір сүріп келе жатыр. Дархан көңілді, кең пейілді қазақ халқы оларға құшағын ашты. Ата – бабамыздың осы үлгісі, өзге халықтардың баласын дініне, тіліне,түріне, ұлтына қарамай бауырға басқан төзімшіл, толеранттық мінез – құлқы бізге мұра болып қалды. Бұл – біздің тарихи қасиетіміз, өсіп өркендеуіміздің басты негізі. Осы бірлік пен достықты тереңдете білудің арқасында біз көп қиыншылықтарды жеңе білдік» деген болатын елбасымыз. 

2 – жүрізуші:

Там разные нации в мире живут, 

Там вечные ценности – знания, труд. 

Самая лучшая ты на земле 

Родина – матушка – слава тебе! 

Спросите где это, и я вам отвечу! 

Краткой, но убедительной речью: 

"Осы маған ұлы  Отан, 

Қасиеттi жер  Қазақстан!" 

 

Ортаға 4 сынып оқушыларын шақырамыз .

Бахатбек Санжар : Мұқағали Мұқатаев "Отан туралы"

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан!

Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен...

 

Рыспекова Асылжан: Казахстан, ты - Родина моя! (Станислав Шапорев)

Казахстан, ты - Родина моя!

Здесь люди все как одна семья.

Казахстан, ты могуч и высок, 

Пусть струится твой водный исток!

Казахстан, ты красив и богат,

Твоим достижениям каждый здесь рад!

Казахстан – ты Родина-мать, 

Мы будем беречь тебя и защищать!

Казахстан, как красива твоя природа

И в горах ископаемых очень много,

По реке-Иртышу плывут корабли,

И нефть добывают с зари до зари.

В твоём поднебесье Орёл парит,

И с солнца лучом душа говорит.


  Мәжит Гүлназ: Скакова Милена

Казахстан - Родина моя!

Любимая, могучая страна.

В ней люди мирно все живут,

Красивую природу берегут.

Я горжусь, что здесь я рождена!

Казахстан - Родина моя!


Балгабаева Сабина : "Здравствуй Родина моя" (В. Орлов)

Утром солнышко встает,

Нас на улицу зовёт.

Выхожу из дома я:

– Здравствуй, улица моя!


Я пою и в тишине

Подпевают птицы мне.

Травы шепчут мне в пути:

– Ты скорей, дружок, расти!


Отвечаю травам я,

Отвечаю ветру я,

Отвечаю солнцу я:

– Здравствуй, Родина моя!

1–жүрізуші:

Бүгінде біздің елімізде 130 – дан астам әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олардың қай – қайсысы болсын Қазақстанды өз Отаным деп санайды. Сонымен қатар өздерінің ана тілдерін, тарихи Отандарының тарихы мен шежіресін, салты мен дәстүрлерін болашақ ұрпақтарына үйретуде.

Елді бүгін қарасам, 

Айналам бақыт кең жатыр. 

Бірімен – бірі туысқан. 

Қол ұстасқан ел жатыр 

Қырғыз, қазақ, Өзбектер 

Армян, татар, ұйғырлар. 

Орыс пенен Украин 

Терезесі тең жатыр, 

Алатау Кавказ ұласып 

Баурайы бұйрат кең жатыр. 

Бақыттың әні асқақтап 

Құлаққа даусы кеп жатыр

 – деп өлең жолдарында айтылғандай Қазақстан барлық мемлекеттермен тату – тәтті, достық

қарым – қатынаста. 

Ортаға 3 сынып оқушыларын шақырамыз.

 

Ерғожа Алина: О.Аскаров "Үйрен ана тіліңді"

Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,

Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.

Өз халқыңа бола алмайсың азамат,

Білмей тұрып туған ана тіліңді.


Әлде қалай жоғалтса ана баласын,

Бала іздеп таппай ма өз анасын.

Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей,

Өз тіліңмен ертерек тап жарасым.


Сенде айып жоқ, тілің де емес кінәлі,

Ешкімнің жоқ болса да оған күмәні.

 

Аугалиева А: Ана тілі

Ойлады ма болсыншы деп тіл аман,

Сонда ғана деді ме ұлт боп құралам.

Сонау жылы тіл мәртебе алғанда

Көзіме жас алдым дейтін бір адам.

Тілдің жайын бар жанымен ұғыпты,

Ана тілі - перзенті үшін тұнық-ты.

Сол перзенттің тіл деп соққан жүрегі

Қуаныштан сонда егіліп тұрыпты.

Ұрпақ үшін кемімеген бағаң да,

Алаңдасаң, тілің үшін алаңда.

Сол кезеңде қайран тілі халқыңның,

Тұрыпсың-ау көз жасы боп жанарда.

2–жүрізуші:

–Каждый житель нашей страны отдает частичку своего национального богатства, а взамен получает нечто большее- искреннее уважение других наций и народностей, обретения уверенности в завтрашнем дне, поддержку и понимание! 

На сцену приглашаем учеников 2 класса

Алехина Л: Т. Бокова "Родина"

Родина – слово большое, большое!

Пусть не бывает на свете чудес,

Если сказать это слово с душою,

Глубже морей оно, выше небес!

В нем умещается ровно полмира:

Мама и папа, соседи, друзья.

Город родимый, родная квартира,

Бабушка, школа, котенок … и я.

Асанов А. Г.Ладонщиков "Родная земля"

Холмы, перелески, 

Луга и поля — 

Родная, зелёная 

Наша земля. 

Земля, где я сделал 

Свой первый шажок, 

Где вышел когда-то 

К развилке дорог. 

И понял, что это 

Раздолье полей — 

Частица великой 

Отчизны моей.


1–жүрізуші:

Ана тілім– арайлы шапағатым, 

Ана тілім – сәніммен салтанатым. 

Ана тілім –таудағы таза бұлақ, 

Ана тілім –Мәңгілік махаббатым. 

Ана тілім – қазағым, қазақ тілім! 

Ортаға 1 сынып

оқушыларын шақырамыз.

 

Шокыбаев Е: Ө. Тұрманжанов" Туған өлкем"

Алтын дәнді даласы бар,

 Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем !

Осы менің туған өлкем!

Түлігі өскен алуан-алуан,

Төс, алқабы малға толған.

Неткен сұлу, неткен көркем !

Осы менің туған өлкем!

Болатбек А: Н. Алғашбаев " Егеменді ел- Қазақстан"

Ата-бабам арман еткен,

Егеменді қазақ жерім.

Қуанышың көптен күткен

Құтты болсын, дарқан елім.

Сен дегенде, Қазақстан,

Жүректен от лаулап ұшқан.

Гүлдей жайнап, құлпыра

Егемен ел -Қазақстан.

1 – жүрізуші:

Қазақ жері кең, байтақ 

Қазақ жұрты мейманда 

Қазақстан – ел ортақ 

Барлық жанға мекендес 

Қазақстан – Отаным 

"Өз елім" деп атады. 

Оны өкілі әр ұлттың. 

Мұнда бірге тұрады 

Орыс, неміс, татарлар 

Мұнда тапқан тұрағын. 

Ұйғыр, кәріс, балқарлар 

Бір шаңырақ астында 

Достық болған тірегі 

Үлкен – кіші, жастың да 

Бар мақсаты, тілегі. 


Біз өзіміздің салт – дәстүрімізді қалай құрметтесек, достығы жарасқан өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін де дәл солай асқақтата білуіміз керек. Елбасымыздың «Бірлігі берекелі, тірлігі

мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» - деген сөздерін татулықтың туы етіп ұстаймыз.

 «Атамекен» әні 

Әділ қазылар қорытындысы.

 

 



 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

Просмотров: 284


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст