Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте
сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа
даярлаған үстел,
Түрі: Топтық сайыс
Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
(Оқушыларды берген тапсырманы дұрыс орындауға, нақты жауап беруге дайындау)
2.Кіріспе бөлім.
Армысыздар оқушылар!
Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»-деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда, ойынымызда өзімізді жаңаша қырыннан көрсетіп, жақсы атсалысайық.
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,-дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты сыныптан тыс зияткерлік ойынымызды бастаймыз.
Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Бөлімдермен таныстырып өтейін:
Әр пәннің сырлары ,
Қызықтырды біздерді .
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді- дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ- қазылар алқасымен танысып өтейік.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік.
Жеткізер сіздей өренді
Білімдінің сырына!
Қадамдарың оң болсын,
Сәт-сапар енді тілейін!
І – кезең:
Таныстыру. Енді топ мүшелерімен танысуға көшейік. (сыныптан мен деген 4 оқушы ортаға шығады )
Ұраны:Білікті бірді жығады
Білімді мыңды жығады.
І-кезең: «Тапқыр болсаң-тауып көр».
1-тап. 16+5-6= 24+5+3 = 80-50+20 = 45-40+9 =
ІІ – кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр».
2-тап: Әр топқа берілген 10 лездік сұрақтарға жауап беру.
-Сақ патшайымы кім?
-Алғашқы адамдар қайда пайда болды?
-Шоқжұлдыздарға қандай жұлдыздар жатады?
-Ғұндар неліктен қоңыс аударады?
-30-дың көрші сандары?
-Қызғылт сары қандай түстердің құрамы?
-Х қандай дыбыс?
-Жарапазан-да неше буын бар?
-1 жылда неше ай бар?
-Көлем өлшем бірлігі?
ІІІ – кезең: «Ойлан, тап!».
Тапсырма.
-5 тауықтың аяғы нешеу?
-2 аптада неше күн бар?
-Қазір сағат тура 12. 5 сағаттан соң нешені көрсетеді?
-Алақай, мен жеңдім!-қандай сөйлем?
ІV- кезең: ««Әрі қысқа, әрі нұсқа».».
Қарама-қарсы сөзді айту.
Ұзын-
Алыс-
Жуан-
Биік-
Лас-
Көп-
Жас-
V – кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Жұмбақ шешу.
Қабат-қбат қаптама,
Ақылын болса аттама. (.....)
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін
сақтаған.(.....)
Тақиям толған сөк,
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. (......)
Сонымен оқушылар сайыстың ақ пен қарасын шешетін кезеңде келіп жетті. Жеңіске жеткен топты білу үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Олай болса, ұщқыр ойдың серіктері білім, ынта, ақыл, ізденіс, нәтиже екен. Осы жақсы қасиеттерді бойларыңа қалыптастырыңдар, жақсы азамат, азаматша болып өсіңдер демекпін.