Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес
Емтихан кезінде баламызға қалай көмектесуге болады?
1. Емтихан басталар күн жақындаған сайын «уақыт жақындап келеді,сенің әлі дайындығың аз» деген сөздермен баланы қинамаңыз.
2.Емтихан алдында балаңыздың тамақтануы мен ұйықысына мұқият болыңыз.
3.Ақыл – ойын ,білімін,эмоциялық –көңіл куйін қалпына келту ,өз –өзін жинау үшін әдемі сөздермен үгіттей біліңіз.
4.Сенімділік пен батылдылыққа тәрбиелеңіз.
5.Өзін еркін сезіндіруге талпындырыңыз
6.Киімдеріне немесе дұрыс киінуге көңіл бөліңіз.
7.Емтихан шарттарын айтып балаңызды тым қатты күйзелтпеңіз.
8.Күніне 1-2 сағат таза ауада еркін демалуына жағдай жасаңыз.
9.Өзіңіз немесе отбасы мүшелерінің бұл тақырыпта қобалжығанын балаңызға білдірмеуге тырысыңыз.
10.Емтихан алдында немесе емтиханнан кейінгі жағдайда балаңыздың ішкі шиелінісін басуына жағдай жасаңыз.
Дайындаған мектеп педагог-психологы Шокубасова А. М.