"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балдырған» Әдістемелік Бірлестігінің бастауыш сыныптар апталығының қорытынды есебі

10.05.2017

"Колутон орта мектебі" КММ

17-22  сәуір аралығында    өтетін

«Балдырған» Әдістемелік Бірлестігінің

бастауыш сыныптар апталығының қорытынды есебі

2016-2017 оқу жылы

 

«Балдырған»Әдістемелік Бірлестігінің  жоспары бойынша  17сәуірден-22 сәуір аралығында бастауыш сыныптар аралығында апталық болып өтті. Апталық бойы пән мұғалімдері ашық

сабақтар өткізіп, өз тәжірибе-біліктіліктерімен бөлісті.

Тақырыптары

мерзімі

сынып

уақыт

Жауапты мұғалім

1

Дүниетану а/с «Ғарыш туралы түсінік»

17.04

4 «Б»

830

Жаканова А.А

2

Сауат ашу  а/с

«Сөйлем»

18.04

1 «А»

920

Хахтай Г

3

Әдебиеттік оқу  а/с

"Құс-шие ағашы"

18.04

2 «Б»

1635

Шокубасова А.М

4

Қазақ тілі   а/с

"Еліктеуіш сөздер"

19.04

4 «А»

920

Абдрахманова С.К

5

Математика а/с

"1-20 дейінгі сандар"

 

19.04

0 «А»

1000

Шокыбаева А.К

6

Сурет а/с "Үй жануарлары"

20.04

0 «Б»

1400

Куц Е.А

7

Әдебиеттік оқу а/с "Қонақжай қазақ"

21.04

2 «А»

1545

Досмагамбетова Ж.Ж

8

Математика а/с

"103*6, 618:6"

22.04

3 «А»

1400

Каркенова А.Қ

                      

18 сәуір. 1 «А» сыныпта Хахтай Г-нің ұйымдастыруымен сауат ашу пәнінен «Сөйлем» тақырыбында ашық сабақ болды. Сынып оқушылары түгелдей қатысты. Сабақта мұғалім 7 модульді қолдана білді. Оқушылар «Нүкте», «Леп» және «Сұрақ» белгілері –деп 3 үш топқа бөлінді.

Сабақ тақырыбы суретжұмбақ шешумен басталып әрі «Аяқталмаған ойды  жалғастыру» -ды 3

деңгейлік «оқушы» өз киялымен айтып жалғастырды. Сабақ барысында ережемен

таныса отырып, сөйлем түрлеімен танысып дәптерге, тақтаға және ауызша тапсырмалар орындады.

Сабақ талдау барысында «жақсы» деп бағаланды.

19 сәуір. 4 «А» сыныпта Абдрахманова С.К қазақ тілі пәнінен «Еліктеуіш сөздер» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Оқушылар «Кедергіден өту» тренинг және тапсырмалар орындаумен бастады. Өтілген сабақты пысықтау мақсатымен  «Сөзжұмбақ»түрінде

сұрақ-жауап ұйымдастырды. «Үрленген шарды жару», «Сіріңкенің жанған дыбысы»

және «Алақанды шапалақтау» сияқты тәжірибелер жасап еліктеуіш сөздер естуге,

көруге болатындығына назарларын аударып, қызығушылықтарын оята білді.Сабақта тақырыпқа сай модульдарды толық қолданды. Оқушылар жаңа сабақты толық меңгере алды.

Сабақ қатысушылардың қорытындысы «жақсы» деп бағалады.

19 сәуір. 0 «А»сыныпта Шокыбаева А.К математика пәнінен «1-20 дейінгі сандар» тақырыбында ашық сабақ берді.

Оқушылар екі топқа бөлу, сәттілік тілеумен басталды. 1-топ:1-20 дейінгі сандарды өсу ретімен

«Қышқышпен жаю»арқылы орындаса, 2-топ 20-1 дейін кему ретімен санады. «Түсіп»қалған

сандарды табу, кесте бойынша «Жоғалған санды» тауып жазу  оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға, ізденуге арналған тапсырмалар болды. Көктемгі су тасқынына байланысты қауіпсіздікті сақтау және көмек көрсету туралы да  сұрақ-жауап , тапсырма орындады.  Сабақты жан-жақты жас ерекшеліктеріне сай  әрі қызықты етіп ұйымдастырған.

Қорытынды бойынша «жақсы» деп бағаланды.

20 сәуір. 0 «Б» сыныпта Куц Е.А сабақты  «Үй жанауарлар» мультфилм көрсетумен бастады. Мультфилм талдаумен қатар олардың дене пішіндеріне сай келетін «пішіндерді» таңдап алды. Мысалы: сопақ, дөңгелек т.б

«Ой шақыру» мақсатымен ауада суреттеу, ойды жинақтау әрекеттер жасады. Содан соң суреттеу, түстерді таңдау және өз жұмыстар қорғау болды.

21 сәуір. Досмағамбетова Ж.Ж  2 «А» сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен  «Қонақжай қазақ» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сынып оқушылары «Двстархан», «Қонақжай» және «Өнер» деп 3 топқа бөлінді. Сабақ барысында «Қызықты сұрақтар» -мен қатар видеоролик көрсетілді.

Сергіту сәті «Дастархан» әнімен жалғасын тапты. Оқулықпен, дәптермен және тақтада жұмыстар орындады.  Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып,

соңында кері байланыс ретінде  «Алма ағашы» көшбасшыларының бағалауы болды. 

Сабақ «жақсы»деп бағаланды.

22 сәуір. Каркенова  А Қ –ның жетекшілігімен 3  «А» сыныпта математика пәнінен «106*3», «618;3» тақырыбында  ашық сабақ өтті. Оқушылар «Бөлу» және «Көбейту» 2 топқа бөлініп, өзара жарысты. Сабақ ұлттық ойындармен байланысты өтті. «Теңге алу» , «»Қыз

қуу», «Арқан  тартыс»,  және «Тоғызқұмалақ» сияқты тапсырмаларды «есеп шығару»-мен жеңіп отырды.Дарынды оқушылармен жұмыс ретінде «Шырпымен жұмыс»,

«Сиқырлы үйшік» берілді.

Сабақ «жақсы» деп бағаланды.

22 сәуір.  Шокубасова А.М  ұйымдастыруымен 2 «Б» сыныпта 18 сәуірде жоспарланған сабақты денсаулық жағдайына байланысты  уақытымен өткізе алмады.

Сыныпта 4 оқушының 3-еуі қатысты. Үй жұмысынан соң Сергей Есенин өмірбаянымен қысқаша видеомен таныстырылды.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатымен түрлі сұрақ-жауап ұйымдастырды. Оқулықпен жұмыс 164-165 б дауыстап оқу болды. Сабақ соңында кері байланысы топ көшбасшысының бағалауымен аяқталды.

22 сәуір.  Жаканова А.А 4 «Б» сыныпта  дүниетану пәнінен «Күн жылу және жарық көзі»

тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақ үй жұмысын тексерумен басталды. Күнге байланысты «Сандар сөйлейді»  тапсырмалар орындады.  К.Г Ушинский «Таңғы сәуле» әңгімесін мұғалім

оқып берді. Сұрақ-жауап ретінде оқушылар түсініктерін айтты. Содан соң  «Күн» және «Ай» болып топқа бөлінді. БҮҮ кестесімен танысып, видеоролик тамашалаумен қатар  алған білімдерін кестеге толтырды. Топта пікір алмасу, қосымша мағлұматтарды оқулықтан толықтырды.

Шығармашылық жұмыс ретінде «Күннен қандай қуат аламыз?» ЭКСПО жайында өрбіді.

Сабақ «жақсы» деп бағаланды.

Оқушылардың сабақ қатысу және олардың белсенділігі мен үлгерімідері де анықталды. Әр оқушы өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуге ұмтылдыру қажет екендігі айқын болғандықтан әр

жауапты мұғалімге ескертіліп отырды.

                              «Балдырған» Ә.Б-нің жетекшісі:             /Г.Хахтай /

Просмотров: 735


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст