Жеңістің 72 жылдығына арналған «Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс » митинг
Жүргізуші: Бүгінгі күн- көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 72 – көктемі де келіп жетті. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Биылғы жылы 9–мамыр күні Ұлы Жеңіске 72 –жыл толады. Бұл күн ел басына күн туған кезде, ер етегімен су кешіп, ат ауыздықпен су ішкен қиын заманда, елі жері үшін жанын аямай, Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған бабаларымыздың күні.Біз бақытты ұрпақпыз. Себебі, біз де, біздің әкелеріміз де соғысты көрген жоқ. Ал бізге, бейбіт те баққытты өмір сыйлаған, кеудесін отқа төсеп, ерлікпен жеңіске жеткен батыр бабаларымыз. Олардың көпшілігі біздің арамызда жоқ. Бірақ, есімдері мен ерліктері біздің жадымызда. Жүргізуші: Бүгінгі Ұлы Жеңістің 72 жыл толуына арналған «Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс » атты салтанатты митингімізді ашық деп жариялаймыз! Гимн Жүргізуші: Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік. Құттықтау сөз ауыл әкімі Мұхамеджанов Т.С беріледі. Құттықтау сөз --------------------------------------------------------------------------------- Жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз кезегін берейік. Жүргізуші: Жас ұрпақ сіздердің алдарыңызда борышты. Олар сіздер қасық қандарымыз қалғанша күресіп, жаудан аман- есен қалған бейбітшілік құнының баға жеткігісіз қымбат екендігін біліп, оның өмір бойы аялап өтеді. Біз Сіздер сияқты жеңген, жеңімпаз әкелердің ұрпағы екенімізді әрдайым мақтан етеміз. Біз халықтар арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға ұрпақтың жалғасы екенімізді мақтан етеміз. Біз сіздердің сол сұрапыл соғыстан аман шығып, бүгінгі ұрпақты береке- бірлікте, тату- тәтті тірлікке тәрбиелеу ісінеат саплысып жүргендеріңізді мақтан етеміз. Біз бүгінгі ұрпақ өкілдері олардың өлмес рухына әрқашан да бас иеміз. 1 минуттық үнсіздік. Жүргізуші: Ардагерлеріміздің ерен ерліктері арқасында біз бүгін бейбіт өмір, баққытты ғұмыр кешудеміз. Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. /гүлдерді қою/ Жүргізуші: Құрметті ауылдастар! Сіздерді осындай тамаша мереке- Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор бақыт, бейбіт өмір мен береке бірлік тілеймін. Бүгінгі Ұлы Жеңіске 72 жыл толуына арналған салтанатты митингті жабық деп жариялаймын. |