"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау бағдарламасы

10.05.2017

             «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау  бағдарламасы

І жүргізуші: Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар, мектеп әкімшілігі. Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына оқушыларды  қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші: «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

І жүргізуші: Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде.  Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.

ІІ жүргізуші:

Түсініп терең, өмірдің мәнін,

Жалынды жастар, сендерсің сәнім

Беретін бойға күш-қуат,жігер

Шырқалсын шаттық Әнұран әнім!

 І жүргізуші:

Мектеп түлел! Тік тұраңдыра!  ҚР  әнұраны орындалсын. (Әнұран шырқалады)

 ІІ жүргізуші: Ендеше,  7 мамыр  «Отанды қорғаушылар» күні және 9 мамыр «Жеңіс»   күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдауға арналған салтанатты  мерекемізді бастауға рұхсат етіңіздіре

 Жасұлан –жігерлі де жайдарлы ұйым

Төл мерекең  жыл сайын тойланды ұйым!

Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға

Жасұлан –жалынды ұйым, айбарлы ұйым.

І жүргізуші:

Білімді –көкіректе нұр деп түсін

Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.

Аталған мақсат, талап, ережені,

Орындауға бәріңде міндеттісің!

ІІ жүргізуші: Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.

І жүргізуші:  Ендеше, 1а,2а,4б сынып оқушылары Айтжан Даниял, Амангельді Айым Бейсекеева Алия, Болатбекқызы Аяулым ,Гайвбек Дидар, Дзюбенко Роман, Шокубаев Ерасыл, Сагимбаева Фатима, Тлеуова Аяжан, Турсунова Аружан, Сембай Жаннұрым, Сайлауов Нурболат, Каир Алан, Серикова Аружан, Королевская Дарья,Габдрахманова Лаура, Фиатулина Асхаттарды  «Жас Қырандар» қатарына қабылдау үшін ортаға шақырайық. 

ІІ жүргізуші:

Егеменді еліміздің тірегі

Мектептің болашағы жігері

Достықпен татулық тілегі

«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі

 

Қабылдауға жас ұландар  дайын.

 

І жүргізуші: Құрметті  мектеп әкімшілігі және ұстаздар! Сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төсбелгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.

Анттың мәтіні:

Мен, ____________________,  Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен

жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

  Жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп  директоры  Аксеитова А.Б   беріледі, Ардагер ұстаз  Тасболатова Г.К сөз кезегі беріледі.

ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.

І жүргізуші: Мектеп! Тік тұр! Қазақстан Республикасының  әнұраны орындалсын

Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

 ІІ жүргізуші:

 “Жас Ұлан” – Қазақстанды сүйеді

 “Жас Ұлан” – мектепте үздік оқиды

 “Жас Ұлан ” – үлкендерді құрметтейді

 “Жас Ұлан ” – тек шындықты айтады

 “Жас Ұлан ” – спортпен еңбекті ұнатады

 “Жас Ұлан ” – болашақ “Жас Отан”

 І жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына  қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Просмотров: 386


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст