Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Экология
Тақырыбы: «Табиғат бұрышын мекендеушілер. Оларды күту»
Мақсаты:
Білімділік: жанды табиғат бұрышын мекендеушілер,оларға күтім жасау жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық: жануарлар туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелік: табиғат бұрышын мекендейтін жануарларға деген қамқорлық сезімдерін арттыру.
Сөздік жұмыс: табиғат бұрышы.
Керекті құралдар: демонстрациялық материалдар.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.
Билингвальды компонент: табиғат бұрышы –уголок природы, тасбақа – черепаха, атжалман –хомяк.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы
Бүгін бізге жақын тіршілік ететін жануарлар, оларды күту туралы
әңгімелейміз. Қане, кім нені жақсы көреді? Немесе өзіңмен бірге үйде қандай
жануар тіршілік етсе деп армандайсың?
-Табиғат бұрышын мекендейтін қандай жануарларды білесіңдер?
Балалар өзлеріне ұнайтын табиғат бұрышын мекендеушілер туралы
айтады. Оның қандай қылықтары ұнайтынын әңгімелейді.
-Балықтар, кәрпі, тасбақа, қоян, тотықұс...
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
-Ал, канеки, бәріміз ұйықтаймыз. Сендер ұйқыашардың дауысы
естілгенде оянасыңдар. Педагог құстың жағымды дауысы жазылған таспаны қояды.
-Күнде таңертең оятататын сағат шырылы мен құстың дауысын салыстырыңдар.
-Адамдарға не үшін бұл жануарларды бөлмеде өсіреді?
Сөздік жұмыс жүргізіледі.
Билингвальды компонент: табиғат бұрышы –уголок пртроды, тасбақа –
черепаха, атжалман – хомяк.
-Біз бүгін «Табиғат бұрышының» тұсаукесерін өткіземіз.
Демонстрациялық материал.
1.-Табиғат бұрышының көрінісі.
- Біз бүгін табиғат бұрышын мекендейтін жануарлар туралы әңгімелейміз. Осы жануарлардың қайсысы кімнің үйінде мекендейді?
- Үйімізде бұл жануарлардың бәрін асырай алмаймыз. Неге?
- Ал біз өз балабақшамыздағы жануарларға күтім жасайтын боламыз.
2 – Аквариумның суреті.
-Табиғат бұрышындағы жануар-ларды күту үшін нені білу керек?
- Алдымен аквариумда өсірілетін балықтармен танысайық.
Балықтарды міндетті түрде аквариумда өсіру керек. Неге?
-Балықтарды қалай күту керек?
Аквариумда не болуы тиіс?
Балдыр не үшін керек?
-Аквариумдағы балықтардың пішіні қандай? Аквариумда қандай балықтар өсіріледі?
-Балықтарды дұрыс күту үшін нені білу керек?
3-Тордағы канарейканың суреті.
-Канарейка қандай құс?
Канарейка – үйге үйретілген құс. Бұл құсты торда ұстайды. Ол адамдарды өзінің әнімен қуантады (оның даусын тыңдату).
Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым,
Алға қарай бір адым.
Жоғары – төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
4 – Табиғат бұрышындағы тасбақаның суреті.
-Тасбақа туралы не білесіңдер?
Тасбақа өзін 18-20 градус жылылықта жақсы сезінеді. Температура
төмен болса, аз қозғалады. Оған ұсақ құрттар, шикі ет, балық беруге болады.
5 – Атжалманның суреті.
-Атжалман неге ұқсайды?
-Олар тышқан сияқты зиянды ма? Атжалманды ескі аквариумға, шыны
банкіге орналастыруға болады. Оларды күту көп қиындық әкелмейді.
6 – Тордағы тотықұс суреті.
-Суретке қараңдаршы. Ол қандай құс?
Тотықұс торға тез үйренеді. Тордың ішінде ондаған жыл өмір сүре береді. Ол қатты айғайлап немесе сыбырлап тілдеседі.
-Оның қандай ерекшелігі бар?
Жеке жұмыс жүргізу.
Балалар педагогтің нұсқауы-мен бастарын пар таға қойып, ұйқыға кетеді. Құстың даусы естілгенде, бастарын көтереді. Сағаттың шырылы ұйқыдан шошытып оятады. Ал құстың даусы жағымды естіледі. Адамдар оларға қамқорлық жасайды, олардың жанында өзін рақат сезінеді.
Балалардың жануарларға деген сүйіспеншіліктері артады.
Балалар өздерінің үйінде мекендейтін жануарлар туралы әңгімелейді.
-Кейбіреулердің үйінде орын болмауы мүмкін.
-Қарап, күтетін уақыттары болмауы мүмкін.
Жануарларды күтуді, қалай қоректендіруді білу керек
-Аквариумда оларға су қоймаларындағыдай жағдай жасалған.
-Құм, ұсақ тастар, балдырлар.
-Балдыр таза оттегі бөледі.
-Балықтар сопақша, үшбұрыш, тік төртбұрыш пішінді.
Аквариумда өсірілетін балықтар: семсерқұйрық, гуппи, скалярия.
-Оларға азықты қалай беру керек екенін және қандай ұлуларды жіберу
керек екенін білу керек.
-Канарейка – әнші құс. Өзі кішкентай болады.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
-Тасбақа – арқасында сауыты бар, баяу қозғалатын жануар. Ол қорықса, сауытының астына жасырынып қалады.
-Атжалман үлкен тышқанға ұқсайды.
-Жоқ, олар тістемейді, жиһазды кемірмейді, оны бөлме ішіне жіберіп қоюға болады.
-Ол –өте әдемі құс.
-Тотықұс адамның сөзін қайталай алады.
Рефлексті – коррекция-лаушы
Өзіңе ұнаған табиғат бұрышын мекендеушілердің бірінің суретін сал немесе аппликация жаса.
Балалар шығармашылық жұмыспен айналысады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: үйдегі, табиғат бұрышындағы жануарларға қамқор болады;
Түсінеді: оларға күтім жасауды; үйде өсіруге болатын жануарлар тіршілігіндегі ерекшеліктері;
Қолданады: табиғат бұрышын мекендеуші жануарлардың аттарын, олардың ерекшелігін.