Тақырыбы:«Бастауышым бастамам - білім жолын бастаған!»
Сабақтың мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту.
Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып,
жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар
тілеп табыстау.
Алдияр:
Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер «Бастауышым бастамам -
білім жолын бастаған! » атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын!
Рания:
«Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» - деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бірі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты
тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір
үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Алдияр: Ортаға бастауыш сынып мұғалімі Сакып апайды шақырайық.
Мұғалім:Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. «Талаптарыңа нұр жаусын!»
4 сыныпта 4 мұхиттай күн кештік.
Әр сыныбы 1 мұхиттай тереңдік.
Терең жүзіп, терең оқып білім ап
Ой - сананың Маржанына кенелдік
Олай болса, 1 сыныптан 4 сыныпқа дейін менімен болған оқушыларымен
таныстырып өтейін.
Слайд
Аңғал ғой, балаңыз ақ жарқын
Күлімдеп үнемі жүреді.
Ұстаздан алған біліммен
Биікке өрлеп жетеді.
Ата-ана ақылын ақтайтын,
Амангельды ақылды, ардақты
Рахмет сізге, Ата-ана
Осындай мейірімді ұлыңызға.
Ақтелек біздің Ақтелек
Серілік дарыған ерекше жан
Спортта алда болатын
Ол Чемпион болады.
Әке ақылы-өсиет,
Ана сүті қасиет.
Ана үмітін ақтайтын
Ұлыңыз үшін , Рахмет!
Санжарым сөзге шеберсің,
Ұғымтал, әрі алғырсың.
Білімнің сусап бұлағын
Ұстазға көмек боларсың!
Ұстаздың қолдап әр сөзін
Сыныпта Басшы болады
Санжар- біздің үміт артар баламыз
Ата-анаға шексіз алғыс айтамыз.
Майысып, жымиып отырған
Асылжан біздің жұмбақ жан.
Үлгілі, тәртіпті жүруі
Анадан бойына сіңіпті.
Ата-анаға, әрине айтарым,
Қызыңыз үмітті ақтайды.
Асылжан үшін сіздерге
Бүгін мен мың алғыс айтамын.
Рания:
Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен
қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.
Алдияр: Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан,
өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата – аналарына өз
өнерлерін көрсетуге дайын.
Рания: Олай болса, сөз кезегін соларға берейік.
Амангельды:
Көрінетін биіктен асқақ іспен
Баулитұғын білімге жас кішіден.
4 жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.
Санжар: Бастауышты халық та дәріптеген
«Білім көзі» деген сөз анық деген.
Өйткені бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен.
Актелек:
Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
Асылжан:
Дәріс алдық, дамыдық
Көп нәрсені жаттадық
Ереже, есеп, тұжырым
Жадымызға –тұтып жаттадық
Орта буын сыныпқа
Аяқ басып аттадық.
Амангельды:
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін үйрендік кеп.
Асылжан:
Кітап, қалам қолға алдық
Бір сыныпқа жиналдық
Ажырамай арамыз
Болашаққа барамыз.
Санжар:
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Актелек:
Бастауышым – балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Асылжан:
Бастауышым – балбұлағым
Лаулап жанған шамшырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның
Алдияр : Сендер 5 сыныпқа баруға дайынсыңдар ма?
Рания: Олай болса сендерден шағын емтихан алайық.
1.Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса, 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған?
2. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш-үштен, ұлдарына екі-екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап.
3.Қазақстан дүние жүзінде жер көлемі жағынан нешінші орын алады?
4.Су жердің қандай бөлігін құрайды?
5. Әлемде неше материк бар? Қандай?
6. Периметірі 24см болатын шаршының ауданы нешеге тең?
7. «Тепсе темір үзеді» сөз тіркесінің мағынасы қалай?
8. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Қандай?
9. Қазақ тлінде неше жалғау түрі бар? Қандай?
10.Абай атамыздың өмір сүрген жылдары?
Ән: "Бала тілегі"
Асылжан:
Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Санжар:
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.
Амангельды:
Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
Актелек:
Ақылшы асыл ұстазым
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат күш-әлім
Биікке самғап ұшармын.
Ән: Алғашқы ұстазым
Рания :Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Асылжанның орындауында "Аяулы мектебім" әні
Көрініс:
Рания: Кім сендерді балалар, тербететін,
Еркелетіп,ойнатып, сергітетін.
Жалқау болсақ, балалар, жаман болсақ,
Анамыз ғой көз жасын көлдететін.
Алдияр: Ақыл құйған санама,
Күннен де артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда!
Ортаға аналарымызды шақырайық.
(Ата– аналарға сұрақтар қояды)
1. Сіздің анаңыз балаларыңызға кім болады?
2. Бала дүниеге келген күні қандай той жасалады?
3. Балаңыздың туған күні қашан?
4. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні кім?
5. Екі қыздың баласы бір - біріне кім болады?
6. Балаңыздың парталас көршісі кім?
7. Балаңыз бірінші сыныпқа қашан барды?
8. Сіздің әкеңіз балаңызға кім болады?
9. Балаңыздың сүйікті асы не?
10. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
11. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
12. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
13. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
Алдияр:
Қағылды міне әуенге бөлеп,
Қағылды соңғы қоңырау.
Қалайша төрт жыл тез өтіп кеткен,
Шындық па осы япыр-ау!
Рания:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!Бастауыш буынмен қоштасу мерекесіне
орай ұйымдастырылған дәстүрлі «Бастауышым бастамам- білім жолын бастаған!»атты
ертеңгілігіміз аяқталды.
Алдияр:
Сөз кезегін мектеп директоры: Айнаш Балтабаевнаға, ана-аналарға береміз.