«1 маусым Балаларды қорғау күні»
«Біз бақытты балдырған»
Бағдарламаның мақсаты:
1 маусым Балаларды қорғау мерекесін сезіну ,балалық шақтарын бақытты өткізуге ,елінің білімді де
тәрбиелі азаматы болуға баулу.Балалардың бір-біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып ,достыққа бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар,сөздер,жалаушалар,суреттер,үнтаспалар.
Өтілу барысы:
Құрметті ата-аналар .Балғын балдырғандар!
1 маусым Балаларды қорғау күні-ең алғашқы халықаралық мерекелердің бірі.
Сіздерді 1 маусым Әлем балаларын қорғау күні мерекесімен құттықтаймыз.Өздеріңе қуаныш,шаттық
сыйлайтын мейрамдарың құтты болсын!
Жасбөбектер сендерге арналады
Бүгінгі мерекенің салтанаты
Жасбөбектер ,сендерге сыйланады
Өмірдің ең керемет мархабаты
Бұл күн –балалардың шулы да көңілді мерекесі ғана емес,сондай -ақ балалардың құқығы несіне салатын,иманды да әділетті ,қоғамның қалыптасуына жағдай туғызатын мереке.Осы мерекеге орай ұйымдастырылып отырған «1 маусым Балаларды қорғау күні» атты әдеби-сазды бағдарламамызға қош келдіңіздер!
Балаларға қамқор болып жүретін
Бала десе бар байлығын төгетін
Жасбөбектер болашағым көркейтер
1 оқушы:
Бүлдіршіндер болашақ ой тұлғалар
Әрқашан көк аспанда шарықтаңдар
Ата-ананың ақ батасы қабыл болып
2 оқушы:
Жасжүректітолғатып ,тербеткендер
Жырлатып ,думандатып әндеткендер
Бүгінгі күн сендерге арналады
Айналайын ақжарқынжүз бүлдіршіндер!
Жаздың алғашқы күні келетін балаларды қорғау күні мерекесі мен қатар мектеп жанында ұйымдастырылатын «Еркетай» демалыс лагері өз жұмысын бастайды. Жазғы демалыс лагері сағат
9.00-13.00 аралығында жұмыс жасайды.
«Еркетай» демалыс лагері қызықты да тартымды өтпек. Олай дейтін себебіміз, балалардың қызығушылығын арттыра түсетін жоспарда түрлі спорттық жарыстар ,мәдени шаралар , табиғат аясында демалу,мұражайға бару ұйымастырылып отыр.
Келесі кезекте «Әдемі» әні орындалады қарсы алыңыздар!
Сүйкімді періштелер сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келер
Ақында,жыршыда,мың бұралған бишіде
3 оқушы:
Маусым айы жаз айы
Маусым айы нұр айы
Маусым айда балалар
Құлпыра түсер шырайы
Алдарыңызда Жансая мен Қарақаттың орындауында «Көңілді күн» әнін қарсы алайық.
4 оқушы:
Жүрейік бүлдіршіндер күліп жиі
Шарықтасын өнердің әсем күйі
Көрермендер қошеметтеп қарсы алайық
Ортада «Үнді» биін тамашалаңыздар
5 оқушы:
Күннің жаңа нұры бар
Мұның жаңа сыры бар
Балалар сүйген мейрам бұл
Жайнатамыз гүл,гүлді демекші «Ана тілім» әнін қабыл алыңыздар
6 оқушы:
Басты қоссақ бәріміз
Еліміздің сәніміз –деп кішкентай бүлдіршіндердің орындауында «Буратино» биін тамашалайық.
7 оқушы:
Тойға шашу шашылсын
Бимен көркі ашылсын
Уа,халайық қарсы алайық
Бірге билеп тамашалайық
Қара жорға биін
Бүгінгі күні балалар шексіз шаттық пен қуанышқа бөленді ,жарқын да,кемел Қазақстанның көркейіп , өркендеуіне үлес қосып ,жарық жұлдызына айналатын сендерсіңдер,бүлдіршіндер!
Өздеріңе шаттық қуаныш сыйлайтын мерекелеріңіз тағы да құтты болсын,жас достар!
Осымен сіздерге арналаған «1 маусым Балаларды қорғау күні» атты әдеби-сазды бағдарламамыз аяқталды.
Келесі көңілді қызықты сәтіміз асфальта « Біз бақытты балдырған» тақырыбында сурет саламыз.