"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан республикасының рәміздеріне 25 жыл.

07.06.2017

Қазақстан республикасының рәміздеріне   25 жыл.

 Мақсаты:

Оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсінік беру.Алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы дамыту.Өз елінің рәміздерін құрмет тұтуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайдтар,кинофильмдер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран. Н.Ә. Назарбаевтың портреті, кітаптар көрмесі. Шарлар, гүлдер, музыкамен

жабдықталған.

 

«Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық-біз жақсы өмір сүргіміз келді,

біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің

лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз

жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік»

Қазақстан Республикасының Президен т жолдауынан

 

Барысы : 1.Ұйымдастырушылық кезең.

Мемлекеттік әнұран орындалады.

Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің рәміздеріне 25 жыл толу мерекесіне арналып отыр.

А)Қызығушылығын ояту.

-Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Осылай деп кім айтқан еді?

-Қаз дауысты Қазбек би

Ә)Мағынаны тану.

Ия осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын.Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толып отыр.

 

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!

Әрбір қазақпын деген азаматтың көкірегінде “Отан” деген сөз ыстық сезіммен

сәуле шашып тұрады. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның

Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан

тәуелсіз Республикасы.

«Отан», «Қазақстан», «Елтанба», «Ту», «Астана» тақырыбында өлеңдер оқу.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Егемен ел атанды. Әлем таныды .

 

Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Қазақстан Республикасының азаматтары сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез келген адам Мемлекеттік туды, Елтаңбаны және Әнұранды құрмет тұтуға міндетті. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.

 

1992 жылдың 4 маусымы – тарихи күн. Сол күні Республика жоғарғы кеңесі Тәуелсіз

ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік туы мен елтаңбасын бекітті.

Қазақстан Республикасы:

Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен елеулі,

Әнұранымен айбатты.

 

Егеменді еліміздің елтаңбасынан кең байтақ отанымыздың өткен тарихы бай

дәстүрі, салт санасымен жасампаз рухы толық танылады. Ел таңба ортасында

шаңырақ тұр, шаңырақта, яғни біздің бейбітшіл отанымызды қорғау үшін шаңырақтың

биік болуы ойластырылған.

 

Қазақта: “Шаңырағың биік, керегің кең, босағаң кең болсын” деген тілек сөз

бар. Елтаңба авторлары Жандарбек Мәлібекұлы, Шот-Аман Ыдырысұлы Уалихан.

 

Мемлекеттік Ту.

Бәйгеден озып шыққан бұл тудың авторы – Алматылық Шәкен Оңдасынұлы

Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі, ортақ.

Жер шары ұлттарға мемлекеттерге және басқаларға бөлінгенімен де жоғарыдан

айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де.

 

Республикамыздың мемлекеттік әнұраны, 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа

әнұран қабылданды.

Әнұранның сөзін жазғандар :

  • Жұмекен
  • Нәжімеденов,
  • Н.Назарбаев.

Әнұранның әнін жазған: Ш.Қалдаяқов.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы: Шәкен Ниязбеков

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары белгілі

суретшілер: Шот-Аман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторлары: Сөзін

жазғандар: Жүмекен Нәжімеденов , Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

«Астана», «Қазағым», «Отан»  әндерін орындау.

 

 

Қорытынды:

«Жүректен-жүрекке шеңбері»

Жақсыдан үйренейік

Жаманнан жиренейік

Қазақстанның

Ең бақытты, ең ақылды, ең білімді азаматы болайық!

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті

борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 400


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст