Тақырыбы: Досыма сыйлық
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.
Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық, сыйластық ұғымы туралы түсінік беру; 2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету. 3. Оқушыларды сыйластыққа,
әдептілікке, ұйымшылдыққа , адалдыққа тәрбиелеу.
БАРЫСЫ: І. Сәлемдесу. – Балалар , келіңдер,біздің сүйікті шеңберімізде тұрып бір-бірімізбен амандасайық.
Оқушылар хормен:
Амансың ба, Алтын күн?!
Амансың ба, Көк аспан?!
Амансың ба, Жер-Ана?!
Амансың ба, достарым?!
Сіздерді көрсем қуанам!
ІІ. Шаттық шеңбері. - Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар «Допты беру» ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін білдіреді.)
Ережелерімен таныстыру.
1. Бір-біріне сыйлық беру
2. Ұзақ уақыт сәлемдесу.
3. Ұйымшыл болу.
4. Сыйластық Сыйластық – жалпы адамдар, әрине, әркімнен әр түрлі жағдайда сыйласады. Үлкен, дос немесе құрмет қылуға лайықты адамдар арасында сыйластық әр түрлі болады. Сыйластық жалпылай түсінікте біреуге деген жылы ілтипаты мен ықыласы болу керек
Сыйлық беру- ..........................
1. Сыйластық дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Сый , құрмет қандай адамдарға көрсетуге болады?
3. «Сіз» деген әдеп, «Біз» деген көмек» -деген мақалды түсіндіріңдер?
4. Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?
V. «Сыйластық, Бірлік, Достық, Құрмет.» үйін салу.
- Балалар, достар мен туыстар арасында сыйластық,бірілік,достық, құрмет болу үшін
бір бірімізгесыйлық жасау сыйлығымызды табыс ету.
5. Тыныштық сәті. - Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып,әркім өзінің сыйлықты арнаған досын көз алдына елестетіп, оның жалқы қасиеттері
туралы ойлаймыз. (2-3 секунд) - Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық.
6. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіріп жасаған сыйлықтарын табыс ету.