"Сәлем саған, сүйікті алтын ұя мектебім!" атты алғашқы қоңырау мерекесі
- Оқушылардың ала жаздайғы асыр салып ойнаған, бірі қалаға, бірі демалыс орындарына барып тыныққан мерзімдері аяқталып, жаңа оқу жылы басталды.
- Бала үшін мектеп үлкен өмірге алып кірер киелі босаға болса, ата-ана үшін ол ұрпағына қатысты ең асыл арманына үміт жалғайтын қасиетті ұғым. Сондықтан да халқымыз қашан да білімнің парқын түсіне білген.
- Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек -"Білім күні" мерекесінде Колутон орта мектебінде салтанатты жиын өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды.
- Жаңа оқу жылы басталар айтулы күнде ардагер ұстаздарымыз: Кусаинбеков Балғабай
Кусинбекович, Степкина Галина Яковлевна, ауыл әкімі Мухамеджанов Талғат
Сеитжанұлы және ХПП әкімшілігі атынан Сагимбаева Сауле апаймыз салтанатты жиынға қатысты.
- Білім күніндегі салтанатты мерекеде Әнұран орындалғаннан соң, мектеп басшысы жиынды ашып берді. Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, мектепте білім алушылар мен мұғалімдер жайында қысқаша баяндады.Талай түлектерді ұшырған білім ордасынан әлі де көптеген үлгілі шәкірттердің шығарына сенім артқан мектеп директоры мектеп ұжымын бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
- Ардагер ұстаздар және шаттыққа толы қуанышты күнге балдырғандарын жетектеп әкелген ата-аналар да өздерінің мерекелік лебізін жеткізді.
- "Сәлем саған, сүйікті алтын ұя мектебім!" тақырыбындағы іс-шара басталарда егемен елдің болашақ ұрпақтары, мектепке енді ғана қадам басқан бірінші сынып оқушылары алғашқы ұстазы Шокыбаева А.К мен Жаканова А.А бірге қошеметпен ортаға шықты.
Жаңа оқу жылындағы құттықтаулардан кейін жарқын болашақтың кішкентай бүлдіршіндері жалықпай біліміздейтіндіктерін білдіріп, өлең шумақтарын оқыды. Оларға мектеп бітіруші түлектер 11а және 11б сынып оқушылары білім іздеуде қанаттарының талмауын тіледі.
Алғашқы қоңырау мерекесінен аяқталған соң «Мен елімнің патриотымын», «Мен патриот- азаматпын, «Ата заңым-ардағым» атты сынып сағаттары өткізілді.