«Колутон орта мектебінде» 4-9 қыркүйек аралығында өткізілген
«Отбасы-бақыт мекені» атты апталықтың есебі
Қыркүйектің 4 күні 1-4 сыныптар арасында « Менің отбасым « атты сурет сайысы ұйымдастырылды. Сайысты бейнелеу пәні мұғалімі Хахтай Г өткізді.
«Отбасым-мақтанышым» атты өлеңдер сайысы қыркүйектің 5 күні өтті. Оған 5-7 сынып оқушылары қатысты. Өлеңдер сайысын ағылшын тілі мұғалімі Фогус В.Г өткізді.
6 қыркүйек күні денешынықтыру пәні мұғалімі Смагулов Е.Ж 8-9 сыныптар арасында «Салауатты өмір салты- ұлт денсаулығының кілті» атты спорттық іс-шара өткізді.
Мектеп психологтары Жаканова А.А мен Шокубасова А.М 1-5 сынып ата-аналарымен «Өз балаңа үлгі бол» атты психологиялық кеңес өткізді.
«Отбасыдан қымбат не болуы мүмкін» атты тақырыпта көрме қойылды. Оны мектеп
кітапханашысы Оспанова А.К ұйымдастырды.