"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Туған жерім

13.09.2017

Туған жерім

        Туған жер. Атамекен. Осы сөздер астарында қанша ой, қанша мағына жатыр десеңізші?! Бұл сөздер адам жүрегіне ыстық сезім, мейірім, махаббат ұялатады. Өйткені, Туған жер қандай адамға болсын қымбат нәрсе. Ол жер – сенің кіндік қаның тамған жерің. Алғаш өмір

есігін ашқанда аяғыңды тәй-тәй басып жүрген жерің. Ата-анаң әлпештеп өсірген, достарыңмен балалық шағыңды өткізген жерің. Есейгеннен кейін еске алып,сағынған кезде көзіңе жас келер, айтарға сөз жетпейтін киелі жер – Туған жер.

      “Мен үшін өзімнің туған жеріме жететін, туған елімнен артық жер жоқ,” дер едім. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі – Колутон жері. Осы мекенде  менің қуанышқа толы, уайымсыз балалық шағым өтуде. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күнім, сыныптастарыммен танысқан күн, достарыммен өткізген әр қызықты сәттерім әрдайым жадымда сақталады. Осылайша, әр өткізген күнімді көз алдыма әкелсем, білім ордасымен, аяулы мектебімізбен, сыныптас достарыммен қоштасар сәттің де жақындағанына сене алмай қаламын. Осындай естеліктерімнің барына да шүкіршілік етемін.

       Туған жерін сүймейтін, сағынбайтын жан жоқ шығар бұл өмірде. Туған жердің ауасы да, табиғаты да, өзен-көлдері де өзгеше. Көрікті, жас  қала – Астанада жүрсең де мейлі, сағыныш сезімі тулатып, ең бір жақын орын – Туған жеріңді аңсайсың. “ Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас” дегені бәлкім, осы шығар.

Просмотров: 425


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст