“ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес”
Кез келген өркениетті дамып келе жатқан қоғам үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ең бір маңызды сұрақтардың бірі болып табылады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жүргізу дегеніміз-бұл мемлекеттегі тұрақтылықты келтірудің ең бір негізгі шарты болып табылады.Сыбайлас жемқорлық мемлекетіміз үшін үлкен зияндық әкеледі,өйткені мемлекеттің жетістіктерін жоққа шығарады,әрі халықтың бас бостандығына қауіпін тигізеді.Бұл үшін жалпы жұртқа ортақ пайда әкелетін іс-шаралар қабылдау қажет. Сонда бұл шешім әділ болмақ.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күні де бірде бір күрделі мәселесінің
бірі болып табылады. Бұл күреске тек үкімет қана емес, Отаның сүйетін патриоттар да қатысып,бұндай зиянды әрекеттерді жою қажет. Бұл үшін баланы жастайынан бастап, елін сүюге тәрбиелеп ,жерінің қорғанышы болып, адал еңбек етіп қашан да жемқорлыққа қарсы күресуіне үйрету әр ата-ананың міндеті деп санаймын.
Мысалы, парақорлық. Жалпы пара алу , пара беру де үлкен қылмыс болып табылады,-деп
халыққа ой- санасына кірмейінше түсіндіру қажет. Ол дегеніміз бұл жағдайға қарсы тұру үшін белсенділік таныту қажет. Парақорлық санамызда заңсыздық , дұрыс емес деп қалыптасу керек. Парақорлықпен елімізде көбіне -көп қолында билігі бар, жоғары лауазымды қызметкерлер айналысатыны белгілі болды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің ” Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50
елдің қатарына қосылу стратегиясы ,Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында” атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылықта төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті
түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып , сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық
мүшелеріне , сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін
атап көрсетті .
Өйткені жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты , ашық,әрі әділетті жүргізілуі тиіс. Заң бойынша еліміз қатаң түрде қадағаланып келеді. Бұдан мол жетістіктер күтудеміз. Қазірден бастап , болашақта елімізде тұрақтылық орнайды деп сенемін, бәрі заңға түпкілікті бағынса, сонда еліміз тату , өркениетті дамыған , жетістігі мол елге айналады.
Колутон орта мектебінің
9 сынып оқушысы
Сартаева Рания