"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      
"Ақмола облысы білім басқармасының  Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі          Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ                                                                                                      

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жемқорлық – жегі құрт

26.10.2017

Жемқорлық  -жегі құрт

  Жемқорлық-ертеден келе жатқан, уақыт өткен сайын өркендеп, тамыры тереңге жайылған кеселдің бірі. Сыбайлас жемқорлық демократияны тежейді,елдің беселекестігін төмендетіп, беделіне нұқсан келтіретіні анық.Бар әлем бойынша маңызды мәселе болып отырған бұл індет біздің еліміді де айналып өткен жоқ.

Тарихқа үңіліп қарасақ,жемқорлық өте ертеден келе жатқаны белгілі.Әлеуметтік теңсіздік болғаннан бері ,жемқорлық та бойлай бастады.Себебі,бай адамның билігі болды.Ал кедей адамның мүмкіндіктері аз болды.Сондықтан да бір шаруаны іске асыру үшін біреуге оның өтеуін беру керек. Осы індет заман ағысымен кеткен жоқ,керісінше одан сайын тереңдеді.

Өйткені,жемқорлықпен көбінесе билігі,шешім шығаруға мүмкіндігі бар адамдар айналысады. Ал қарапайым халық ,құқығы тапталып,одан зардап шегеді. Бірақ,осы сөзбен ешкімді де ақтауға болмайды. Өйткені,пара алу да,пара беру де-үлкен қылмыс.

    Адам үнемі оңай жол іздейді. Мәселен,жоғары лауазымды жұмысқа орналасу,мемлекеттікті сатып алу,көп уақытты талап ететін жұыстың барысын тездету,билікті өзіне қарату,заңсыз істерді жасыру,мемлекеттік жауапкершіліктен кету, т.с.с шараларды іске асыру үшін қолдаылатын ең оңай жол - пара беру.Өз жеке басының игіліктерін ойлап, заңға қайшы әрекеттер жасау дұрыс емес екенін халықтың санасына қондыру керек. Ал жоғары билік басындағылар оған үлгі болуы тиіс.

Қоғамға,оның дамуына зиян келтіретін осы кеселді жою үшін біздің елімізде де шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Жемқорлықпен күрес бүгінгі таңда түйткілді мәселе болып отыр. Осы дертті тұтастай жою мүмкін емес болса да,оны тежеуге болады.Ел басының тарапынан көптеген заңдар шығарылып жатыр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жемқорлық біршама азаюда.

Жемқорлықтан сақтану үшін адам өз құқығын нақты біліп,оны қорғай алуы тиіс. Егер адамның  демократиялық құқығы шектелсе,не бұзылса,әрқашан да құқық қорғау

органдарына шағымдануға болады. Өз құқығын балаларға мектептен бастап үйрету

керек. Балларды болашақ өмірге дайындау,жемқорлықтан сақтану шаралары үйрету

керек. Себебі,бүгінгі жас ұрпақ-елдің ертеңі.

  Қорыта айтсақ,жемқорлықпен күресу – әрбір азаматтың міндеті. Ертеңгі болашағы жарқын,

дамыған ел болуымыз үшін бүгіннен бастап шаралар қолдануымыз керек. Себебі,өркениетті қоғамда жемқорлыққа жол жоқ!Біздің қоғамымыздың дамуы тікелей бізге байланысты. Олай болса,бәріміз бұл іске бір кісідей ат салысайық.

                            

Колутон орта мектебінің

                                                                                        

10 «А»  оқушысы

                                                                                                   

Сеитова Алия

Просмотров: 427


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст