Текст
«Колутон ауылының ЖОББМ» КММ-де мектеп директоры А.Б.Аксеитова Елбасы жолдауы бойынша педагогикалық ұжымның кезектен тыс жиналысын өткізді. 2022 жылдың 1 қыркүйегінде жарияланған Елбасы Жолдауының атауының өзінде Мемлекет басшысы болашаққа нақты айқындап берген ел дамуының ең негізгі, елеулі бағыттары қамтылған. Экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы еліміздегі білім беру жүйесінің жағдайына үлкен мән берілуде. Елбасының жастарды оқытуға ұсынған білім гранттары, жеңілдікті несиелер, Ұлттық қор бағдарламасы ұлт әлеуетін көтеруде шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. Қайраттың, ерік-жігердің, қабілеттің, құлшынысы мен ынтасының қоры шексіз, ұлт тағдырын түзейтін де жастар.