Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны ерекше. Тіл –халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз
Н.Ә. Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеру керек.2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі тиіс»- деп айтқан еді. Үш тілді меңгеру қазіргі уақытта басты назарда болып отырғаны белгілі.
Бағдарламаның басты мақсаты:
-қазақ тілінің мәртебесін көтеру;
-ағылшын тілін меңгерту;
-орыс тілін жетік білу.
Бағдарламаны жүзеге асырудағы мектептің ролі ерекше. Колутон орта мектебінде 16 мен 20 қазан аралығында өткен ағылшын тілі пәндерінің апталығы болды.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі С.Бейсекеева ,Базархан Қарлыға өздерінің ашық сабақтары мен сыныптан тыс іс-шараларын көрсетті. Апталықтың бірінші күні С.Бейсекеева мен Базархан Қарлыға бастауыш сынып оқушыларының арасында «My famiiy» деген ең жақсы шағын жоба сайысын өткізді.Екінші күні «Funny English» зияткерлік ойының өткізді.Бастауыш сынып оқушылары қызыға қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Үшінші күні С.Бейсекеева 2 «а»
сыныбында ашық сабағын өткізді. Төртінші күні оқушылар ағылшын тілінде мультфильм көріп өз түсінгендерін, білгендерін жеткізді. Ағылшын тілі аптасына бір рет болатын 4 «а» сынып оқушылары да өздерінің білімдерін жақсы көрсетті. Аптаның бесінші күні 5-7 сынып оқушылар арасында «HaIIoween» тақырыбында cұрақ-жауап өтті. Мұнда да оқушылар өз білімдерін ортаға салды.Ағылшын тілінде айта алмаған жауаптарын орыс тілінде және қазақ тілінде айтты.
Ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері барлық сабақтарында жаңа технологияны қолданып, сабақтары жоғары дәрежеде өтті. Оқушылар сыныптан тыс іс- шараларда да белсене қатысты.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» -дегендей, Елбасымыздың міндет етіп қойған
бәсекеге қабілетті мемлекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. Апталықтың аяқталуына орай арнайы салтанатты жиын өткізілді, сабақтарға және сыныптан іс-шараларға белсене қатысқан оқушыларға алғыс жарияланды.
Колутон орта мектебінің
мұғалімі, әдістемелік
бірлестіктің жетекшісі Е.Куц.