Жолда жүру ережелерін ұстанайық!
Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде.
Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Жолдың ережелерін бәрі білуі керек.Біздің елімізде көптеген апаттар жүргізушілер кінәсінен туындайды, өйткені кейбіреулері жол қозғалысы ережелерін ұмытып кетеді. Сол апаттарда көптеген балалар жазатайым өледі. Бұлай болмау керек!
Барлық жүргізушілер ережелерге сай болса, әлемдегі өлім саны айтарлықтай азаяды!
Барлығымыз да жолдағы мінез-құлық ережелерін ұстанайық, сонда ғана біздің қалалар мен қалалар көшелерінде тыныш және қауіпсіз болады .
4"А" сынып Куанышбеков Д.