Шәкірт жетістігі –мұғалімнің
кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі
Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. Шәкірт ұстазға қарап өседі. Ол ұстазының білімін, берген тәрбиесін, кеңесін алады. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейеді. Алайда оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім,биік парасаттылық, талмас еңбекқорлық, таза ниет керек. Осы орайда біздің
мектебімізде дәл осындай қабілет пен қасиеттерді бойына сіңіре білген ұстаздар жетерлік.
Білім жолы қашанда қиын да киелі жол. Бұл жолда тынымсыз еңбек, толассыз ізденістен
жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табыстарға жете алады. Сондай ұстаздарды атап өткім келеді. Олар – Аксеитова Айнаш Балтабаевна қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, Жаксыбаева Айгүл Каирбековна орыс тілі және әдебиет мұғалімі, Сарсембаева Динара Копешовна
информатика мұғалімі, Уривская Лариса Николаевна тарих пәнінің мұғалімі, Заманбек
Айжарық биология пәнінің мұғалімі, Хурман Бақболат химия пәнінің мұғалімі. Осы
ұстаздардың шәкірттері желтоқсан айында өткен аудандық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары: 10 сынып оқушысы Смагулова Арай (ІІ орын қазақ тілі,әдебиет пәнінен),
10 сынып оқушысы Сейтова Алия (ІІ орын орыс тілі пәнінен),10 сынып оқушысы Копеш Диас (І орын информатика пәнінен),9 сынып оқушысы Сартаева Рания (ІІІ орын химия пәнінен),
9 сынып оқушысы Дьяченко Валентина (ІІІ орын тарих пәнінен), 8 сынып оқушысы Абильдина Арина (ІІ орын биология пәнінен) .
«Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз» дейді ғалым Қаныш Сәтбаев. Өйткені ең алдымен өз кәсібіңе, өз пәніңе деген зор сүйіспеншілік болғаны абзал. Осынау сүйіспеншілік оқушы бойындағы білімге, пәнге деген
алғашқы құштарлығын түртіп оятады. Ал осы шәкірт бойында оянған білім құштарлығы енді тұтанған шырақ секілді. Ең қиыны — осынау шырақты сөндіріп алмау. Ол үшін талмай еңбектену мен іздену қажет. Сонда ғана осы білім шырағы лаулаған жалынға айналары сөзсіз.
Шынында да бар саналы ғұмырын, жастық жолы мен күш қайратын, терең де телегей білімдерін шәкірттеріне арнаған ұстаздар қауымына берілген бұдан артық баға болмас. Осы орайда өзім қызмет жасайтын мектеп ұжымымдағы өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын,шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін барша әріптестеріме, яғни ұстаздар қауымына
шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілемекпін.
Колутон орта мектебінің оқу ісінің орынбасары С.Бейсекеева