Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл»
Өту барысы
« Қош келдің, Жаңа жыл» шағын орталық балаларына арналған шағын ертеңгілік.
Тәрбиеші: Құрметті балалар , ата- аналар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Сіздерді шын жүректен құттықтаймын . Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін.
Ендеше бүгінгі ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Ортаға шағын орталық балаларының шыршаны айналып билеуін тамашалаңыздар.
Ортада би «Шырша» әніне.
Балалар бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық. Қане, бәріміз бар дауыспен шақырайық.
Аяз Ата: Аяулы ата-аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан (Балалармен амандасады.)
Шырша шамын жағайық,Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша жан» , «Шамдарыңды жарқырат» деп атайық.
Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне барлығымыз би билейік.
Аяз атамыз жайғасып отырады, балалар өз өнерлерін көрсетеді.
Би балалар Аяз атаға арнап билерін көрсетеді.
Келесіде: Ата- аналарға арналған ойын жүргіземіз. Аналарының көздерін байлап өз балаларын
тауып алуын ұсынамыз. Қай ана өз баласын дұрыс тапса соған сыйлық береміз.
Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.
Иә, Аяз ата барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.
Қане балалар Аяз атамызды ортаға алып өзіміздің дайындаған тақпақтарымызды айтайық. Аяз ата балалардың өзіне арнап жаттаған тақпақтарын тыңдайды. Аяз ата тыңдап балаларға
сыйлықтарын береді. Аяз атаға арнап балалар әндерін айтады.
Аяз ата балаларға тілектерін айтып. Алда барар ауыл, жыл қуантсын баршаны. Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін. Барлық балалар Аяз атамен қоштасады.
Міне қымбатты балалар ,бірлесіп өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді, достық, бірлік бәріне жеңеді. Көктегі күніміз сөнбесін.
Бақыт боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл.
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Жаңа жыл әніне барлығымыз бир билейік.
Ортаға ата -аналарымен шыршаны айнала билейміз.
Жаңа жылдарыңыз тағы да құтты болсын осымен шағын ертеңгілігіміз аяқталдлы жақсы тойланыздаз аман сау болыныздар.
Шағын орталық тәрбиешісі: Сақария Меруерт